Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Сүйекем сапар шекті сексен бесте)


Нағашың Ер Табынай – Аққұл, Айбас,
Қайының – Байбақты батыр Шолан тапа тайлас.
Ақылыңа өр мінез ерлігің сай,
Көрген жан бір өзіңе кінә қоймас.
Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай,
Адайда бір жан едің ар қуардай.
Аузына байтақ жұрты анталаған,
Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
Сүйекем сапар шекті сексен бесте,
Сейсемде қалды жатып Аютөсте.
Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді,
Ажалға о да көнді – салған іске.