Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Орғи-орғи жүгірген)


Тілеумағанбет өлгенде әкесі Бектұрлыға тұспалдап айтқанына түсіне қоймағасын, Абыл осылай айтуға мәжбүр болыпты:
Орғи-орғи жүгірген
Ор қояннан жүйрік жоқ.
Сәті түсіп кездессе,
Ұстайын десең, құйрық доқ.
Өлшеулі күні біткен соң,
Ажал келді, тиді оқ.
Пешенттеп жазған ақ қағаз
Енді оқуға бұйрық жоқ.