Қазақша өлең: 6 Шілде – Астана күні (Сіз туған күн думанымыз!)

0

Қазақша өлең: 6 Шілде - Астана күні (Сіз туған күн думанымыз!) казакша Қазақша өлең: 6 Шілде - Астана күні (Сіз туған күн думанымыз!) на казахском языке

Сіз туған күн думанымыз!
Елден ерек жаралдыңыз,
Қазақ болды құраныңыз,
Ұлтым болды ұраныңыз.

Қайырмасы:

Сіз туған күн! Сіз туған күн!
Қазағымның болашағы,
Еркіндігі, азаттығы,
Дербестігі, бостандығы,
Ел ордасы, бас қаласы,
Астанасы туған күн!

Сіз туған күн думанымыз!
Сайланбалы хан болдыңыз,
Халыққа аға, бас болдыңыз,
Ұрпаққа үлгі жан болдыңыз.

Қайырмасы

Сіз туған күн думанымыз!
Келісім, бірлік туларыңыз,
Еңбек, білім пайымыңыз,
Бейқұт заман мақсатыңыз.

Қайырмасы

Сіз туған күн думанымыз!
Жер ортасын дәл таптыңыз,
Ел ордасын орнаттыңыз,
Мәңгілікке қалды атыңыз.

Қайырмасы

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз