Қазақша өлең: 5 Қазан — Ұстаздар (Мұғалімдер) күні | Қазақша өлең: 5 Қазан — Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, Қазақша өлең, 5 Қазан


Зауытта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің —
шипалы жанның бағы шын.
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің —
шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол — өзің арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам — елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір — сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!