Қазақша мақал — мәтел: Үміт
Үміт өлмейді.
Үмітсіз — шайтан.
Үміттінің өз дәулеті өзінде.
Қазан аузы жоғары, қармақ суда.
Сағыныш — сары ауру,үміт — талшық.
Арман — адамға қанат.
Армансыз адам алысқа бармас.
Армансыз адам — қанатсыз құс.
Арманмен алысқан — тарлан.
Арманы жоқтың пәрмені жоқ.
Бардың ісі пәрменмен өтер,
Жоқтың ісі арманмен өтер.
Қиялдың сахары кең.
Әр кісіде бір қиял.
Азды көпке қосқанның арманы жоқ.
Қыз құшпаған ер арманда,
Қызғалдақ жемеген қозы арманда.
Ер адамның алдында
Ашылатын есігі болсын;
Әйел адамның алдында
Тербететін бесігі болсын.
Жас өсемін деп үмітті,
Жалғыз көбейем деп үмітті,
Жарлы байимын деп үмітті,
Ауру жазылам деп үмітті.
Көптен үміт еткен аздан құр қалады.
Түс — түлкінің боғы.
Пәлен жерде алтын бар,
Іздеп барсаң, бақыр да жоқ.
Үміт соңы — ажал.
Өмірдің басы — үміт, соңы — өкініш.
Сыртын көріп, ішінен түңілме,
Қарасын көріп, күшінен түңілме.
Салынды суға кетеді,
Сағым қуған түбіне жетеді.
Тіріде үйің, өлгенде көрің кең болсын.
Көктен сұрағанын жерден берді.
Әркім өзі шығар тауын биік болсын дейді.
Үміт үзілмейді.
Пәлен жерде бақыр бар,
Барсақ, тап-тақыр.
Нағашым бай, қайным бай,
Қайтіп жарлы қыласың, Құдайым-ай.
Талапсыз үміт — бос үміт.
Тірі адамның ісі — үміт.
Үміт үзу — дәрменсіздік.
Үміт өрге тартады,
Үмітсіздік көрге тартады.
Өмір үйі желде,
Үміт үйі сағымда.
Қамыққан жұбанар,
Тарыққан қуанар.
Арманға дәрмен — демеу.
Арман үзақ, ғұмыр қысқа.
Жазылармын деп ауру үмітті,
Байырмен деп жарлы үмітті,
Кетермін деп қыз үмітті.
Дәме көп те, дәрмен жоқ.