Қазақша мақал — мәтел: Той думан

0

Қазақша мақал - мәтел: Той думан казакша Қазақша мақал - мәтел: Той думан на казахском языке

Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.


Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.


Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.


Той тамағы — тәтті.


Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той.


Тойдың болғанынан,
Боладысы қызық.


Тойға барсаң, тойып бар,
Бар жұмысты қойып бар.


Таз таранғанша,
Той тарқайды.


Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.


Тойда тоныңды сұрама.


Той сылтауымен тон бітті.


Асқа барсаң — аш бар,
Тойға барсаң — тоқ бар,
Той қызығы — көкпар.