Қазақша мақал — мәтел: Сыпайылық

0

Қазақша мақал - мәтел: Сыпайылық казакша Қазақша мақал - мәтел: Сыпайылық на казахском языке

Сыпайы тоңбай калтырайды.


Сыпайының алдында сүйек жатсын.


Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.


Сыпайы сырын жасырмас,
Ақырын ғана бүлк етер.


Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.


Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.


Иманмен қаптап қойғандай.


Денесі икемдінің келбеті сүйкімді.


Сұлуынан жылуы.


Кішіпейілділік — кісі көркі.


Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.


Кішіпейілділік — кішілік емес, кісілік.


Кішіпейілдің кеудесі ашық.


Арғымаққа оқ тисе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе,
Жамандай шуламас.


Сыпайыға сұлулықтан әсемдік жарасымды.


Келбеті келіскеннен кеңес сұра.


Сыпайы жаурамайды, дірілдейді,
Өзгеге тоңғаны білінбейді.


Сыпайы сырын білдірмес.


Сыпайы сырттан мақтар.


Сыпайының қарағаны — сұрағаны.


Сыпайыға өлім бар да, қорлық жоқ.