Қазақша мақал — мәтел: Олжа, кіріс, пайда, табыс, ұтыс

0

Қазақша мақал - мәтел: Олжа, кіріс, пайда, табыс, ұтыс казакша Қазақша мақал - мәтел: Олжа, кіріс, пайда, табыс, ұтыс на казахском языке

Отын — олжа, су — нұрлық.


Оңай олжа оңалтпас.


Артық олжа — басқа еңбек.


Өзіңді олжалатпай,
Өзгені олжалай алмайсың.


Келер жері кең болсын.


Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.


Бір пайдапайда,
Екі пайда қайда?


Пайданың зоры — Дос үшін шеккен зиян.


Алаған қолым — береген.


Қайырсыз пайдадан қайырлы залал артық.


Төгілген топырағымен толады.


Тапқан қуанады, таныған алады.


Алмақтың да салмағы бар.


Берген жомарт емес, алған жомарт.


Жаманға олжа түссе,
Үлесе алмай көпке түседі.


Жаманға олжа түссе,
Бөлісе алмай қор болады.


Сындырып жақсаң, қырық жылға жетеді,
Қопарып жақсаң — бір жылға.


Ботасын алма біреудің,
Өз тайлағың кетеді.


Берген перде бұзар.


Орасан пайда көз шығарар.


Шайнаған бұйырған емес,
Жұтқан бұйырған.


Иесізге ие көп.


Керекке — терек.


Шыдағанға шығарған.


Жоғалмағанның бәрі түгел.


Керекті тастың ауырлығы жоқ.


Ескірген нәрсе ерсі көрінер.


Пышағыңды қынымен бер,
Қынымен берсең, шынымен бер.


Алушы — арыстан, беруші — тышқан.


Дүниенікі дүниеден қайтады.


Дүниенің керек емесін де жина.


Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.


Ортаның малын олжа көрме.


Жүгірген алмайды, бұйырған алады.


Бұйырмаса, бұттан кетеді.


Бұйырмағанын айдап жүрмін,
Бұйырғанын шайнап жүрмін.


Бермесең — алыспайсың, келмесең — алыстайсың.


Ешкі орнына лақ ал,
Лақ ал да, тына қал.


Не аңсағанда аларсың,
Не қақсағанда аларсың.


Жалған ісі ақыретке кетпейді