Қазақша Мақал — Мәтел: Күншілдік, қызғаныш
Күндестердің күлі де — күндес.
Махмұд Қашқари
Қырсыққанда қымыран іриді.
Қайын жұртың — міншіл, нағашы жұртың — сыншыл, өз жұртың күншіл.
Ағайын жоқ болсаң — бере алмайды,
бар болсаң — көре алмайды.
Күншілдің күні қараң.
Көкдолыдан дәупері қашыпты.
Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар.
Біреудің біреу бағын көп көреді,
Біреуді біреу алдап жеп келеді.
Би-шешендер
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса — түртіп оны көре
алмас, басқа қиын іс түссе — ел қыдырып таба алмас.
алмас, басқа қиын іс түссе — ел қыдырып таба алмас.
Шернияз Жарылғасұлы
Ағайынға ала көз
бола қалсаң —
Аузыңдағы несібеңді
біреу жемек.
Төле би Әлібекұлы
Бақыты
зордың — бақталасы да мол.
Жанақ Сағындықұлы
Күншіл адам — мұңшыл.
Жүсіп Баласағұни
Опасызға бір түйір нан тістетпе,
Күншілге де сеніп ісің істетпе.
Күншілге де сеніп ісің істетпе.
Қызғанның қызыл итке жем болар.
Топ көрмеген — қорғаншақ, топта озбаған — қызғаншақ.