Қазақша мақал — мәтел: Хан, патша
Патшаның қолтығы кең, құйрығы ұзын.
Бақа — көлінде патша,
Балық — суында патша,
Жігіт — елінде патша.
Патшаң соқыр болса, көзіңді қысып сөйле.
Патша залым болса, жұрт тозады,
Патша ғалым болса, жұрт озады.
Хан — шаңырақ, халық — уық.
Хан — қазық, қараша — азық.
Хан — қазық, би — тоқпақ.
Хан — қанау, тон — тонау.
Хан — қарақшы, халық — сарапшы.
Хан қасында қарақшы.
Хан сыртынан жұдырық.
Хан сырын білгеннің қаны төгіледі.
Хан қасында уәзір білгіш болса,
Қара жерде кеме жүргізеді.
Хан екі айтса, қадірі кетеді,
Қараша екі айтса, ары кетеді.
Ханның ісі қараға түсіпті.
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
Хандар киер мұрақты,
Қараша киер құрақты.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.
Ханның қасында болғанша,
Судың басын да бол.
Әр ханның тұсында бір сұрқылтай.
Менің атым Оғыз хан болар,
Оны білмек баршаңызға парыз болар.
Қараша — хан тұсында,
Әйел — ер тұсында.
Жер таусыз, ел хансыз болмас.
Ескі ханның ақылы жүрмес,
Жаңа ханның бұйрығы жүрмес.
Хан — бас, халық — кеуде.
Хан табылар, қараша табыла бермес.
Қазына айтсаң, хан қалады.
Қазы — хан қасында,
Қараша — жар басын да.
Үлгісізден би қойсаң, үлгісі болмайды,
Қаһарсыздан хан қойсаң, өсиеті болмайды.
Ханды Құдай ұрарында,
Қарашасымен қас болар.
Байды Құдай ұрарында,
Дәулетіне мас болар.
Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар.
Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас.
Ханның ақысы болса,
Қараның қақысы бар.
Бір кісі таққа мінсе,
Қырың кісі атқа мінеді.
Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.
Есім ханның ескі жолы,
Қасым ханның қасқа жолы.
Ханды Құдай ұрғаны —
халқымен жау болғаны.
Биді Құдай ұрғаны —
билігі дау болғаны.
Хан қасында қаразың болса,
Қара жермен кеме жүргізер.
Қараша үйден ханша шығар.
Ханын сыйламаған ел азады.
Ханның екі сөйлегені — өлгені.
Хан кетсе — құт, келсе — жұт.
Аспандағы Айдан не пайда,
Жылынуға қолың жетпесе.
Хиуадағы ханнан не пайда,
Барсаң арызың өтпесе.
Хан ақсұңқар болса,
Алтын тұғыры он болар.
Қараша ханға жыласа,
Хан ханымға жылайды.
Хандікі қазынада.
Хан істеген зұлымды,
Жан істемес өмірде.
Ханды кім сөкпейді?
Хан көп болса, жау көп.
Ә, Құдайым, ханды алмағай,
Ханды алып, қара халық сандалмағай.
Ақсақалдың назасына қалма,
Сақалының ағы ұрады.
Патшаның жазасына қалма,
Өзі ұрмаса, астындағы тағы ұрады.
Халқын ойламаған хан семіз,
Дүние оған су-теңіз.
Хан ақымақ болса, халық күйзеледі.
Ханда қадір болмаса,
Қарада ұят болмайды.
Ханмын деп асиа,
Баймын деп таспа.
Хан Құдай емес,
Қара қурай емес.
Ханға ерген ерін құшақтар.
Хан — Алланың жердегі елшісі.
Хансыз ел жетім.
Ер екі айтса — ез,
Хан екі айтса — қатын.
Хан қасықтан қақса,
Халық қасірет шегеді.
Ханның тілін халқы алар, қатыны алмас.
Ханның қасында қалтырап жатқанша,
Қарадан қалағаныммен қаңғырып өлейін.
Ханда ұл болмайды,
Биде құл болмайды.
Хан — халқының ұлы,
Би — әділдік құлы.