Қазақша мақал — мәтел: Азамат

0

Қазақша мақал - мәтел: Азамат казакша Қазақша мақал - мәтел: Азамат на казахском языке

Ер-азамат белгісі:
түзде — мырза, үйде — құл.


Арғымақ аттың құйрығы —
әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі —
әрі мырза, әрі құл.


Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын.


Тура ағаш — үйге тіреу,
Тура жігіт — елге тіреу.


Арыстанды арыстандай жігіт алар.


Ер жігітке серуен де серуен,
Сергелдең де серуен.


Жігіт — әулет жалғасы,
Қыз — қырық жеті.


Кемер белбеу — бел сәні,
Кемел жігіт — ел сәні.


Текті жігіт тек жүрер,
Текелес киік жай жүрер.


От түтінсіз болмас, жігіт мінсіз болмас.


Жігіттің жігіті — өз нәпсісіне ие болған.


Бір жігіттің дәулетіне қырық жігіт мас болады.


Ер жігіт үйден шықса, үйіріне қосылады.


Жігітке ерлік те оңай, билік те оңай.


Ер жігіт үш ақ үй, үш қара үй тігеді.


Тебісіп жатсаң да, теңің болсын.


Биік таудың басы болмасақ та,
Бауырындағы тасымыз.


Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.


Есебін тапқан жігітке,
Ердің құны сөз емес.


Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды.


Жақсы туған жігітке,
Бүкіл ел таласар.


Жаман туған жігіттер,
Қара жолдан адасар.


Би болар жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.


Мерген болар жігіттің
Жебеде болар жұмысы.


Жастық шақ — ақ алмас,
Жоғалтқан таба алмас.


Жамандықпен ісі жоқ,
Шығады бір күн кісі боп.


Өзі болған жігіттің,
Түп атасын сұраған ит.


Көкорай шалғын тұрғанда
Қу тақырға қонған ит.


Қыз алмаған жігіттің,
Қырық қызда дәмесі.


Жігіттің ауыры — шомбал,
Ағаштың ауыры — сомбал.


Пышақ болмас жетесіз,
Өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесіз?


Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.


Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.


Жігіт — табысына мырза.


Жігітті жігерінен таны.


Жігіт көзімен қыз таңда.


Кемел жігіт кешірімді.


Жігітсінген желбуаз келеді.

Көш бастаған серкесі болмаса да, ел ішіндегі еркесі.


Жігіт — жерінде, жекен — көлінде.


Бөрі алатын жігіт бөрігінен белгілі,
Жау алатын жігіт серігінен белгілі.


Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.


Дүние тегіс болғанша,
Жігітке бір іс болады.


Жақсы жігіт он бесінде жас емес,
Жүзге келсе пәс емес.


Азаматын көр де, ауылын таны.


Азамат қолымен істегенін мойынымен көтереді.


Біз де кісі болармыз,
Атқа кісен салармыз.


Екі ел егес болса,
Епті жігіт қатын алар.


Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.


Жігіт жанған от болсын,
От болмаса, жоқ болсын.


Жігіт болсаң, шоқ бол,
Шоқ болмасаң, жоқ бол.


Жігітінде жігіт болмаған —
Өмір есесінен құр қалған.


Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Бір ақылдының інісі бол.


Бай болайын деген жігіт айырбасшыл,
Адам болайын деген жігіт қарындасшыл.


Бойдақ жігіт — ел күйеуі.


Жас өсер, жарлы байыр.


Әр жігіттің өзі шығар биігі бар.


Пайдасы бар жігіттер,
Дария шалқар көлмен тең.


Пайдасы жоқ жігіттер,
Ел қонбайтын шөлмен тең.


Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.


Ай толғанын білмейді,
Жігіт болғанын білмейді.


Өзім білем деген жігіттің,
Басына ойран салғаны.


Кеп біледі деген жігіттің,
Еліне қорған болғаны.


Әркімнің кеудесіне бір аяқ айран сыяды.


Жылқыда да жылқы бар,
Қазанаты бір бөлек.


Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір белек.


Атты арбада көр,
Жігітті ордада көр.


Елге құнды бол да, тірі қал,
Етігіңнің нәлі кеткенше ұмыт болады.


Салмай жортқан жігіттен,
Салмай құлындаған бие артық.


Нар малының жүні — жібек, сүті — бал,
Нар жігіттің аймағы — ел, алды — мал.


Түйе — батыр,
Шөл даладан өткенде.
Жігіт — батыр,
Еліне жау жеткенде.


Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десе нанғысыз.


Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.


Құнтсыз жігіт ат мінсе,
Кесеуменен сабалар.


Құнтты жігіт ат мінсе,
Ат аяғын тағалар.


Қыран бүркіт асырар ердің даңқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын.