Қазақша мақал — мәтел: Аңқаулық

0

Қазақша мақал - мәтел: Аңқаулық казакша Қазақша мақал - мәтел: Аңқаулық на казахском языке

Аңқаудың аузы ашық.


Аңқау астындағы атын алты ай іздейді.


Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.


Аузын ашса, сыры көрінеді,
Есігін ашса, төрі көрінеді.


Әр ашық ауыздың бір алдаушысы бар.


Аузын ашса, көмекейі көрінеді.


Аңқау азаптан құтылмайды,
Алаңғасар мазақтан құтылмайды.


Жалғанға жалқау нанады, не аңқау нанады.


Ақ шелегі түскендей ақтарылады.


Қойын алдырып, қорасын жабады.


Қой аузынан шөп алмас.


Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.


Маңғыт, аузыңа саңғыт.


Аңқау аңдамайды да, алаңдамайды да.


Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.


Зор зорға құлайды,
Аңғырт орға құлайды,
Аңғал торға құлайды.


Аңғал қашқанға да, қуғанға да серік.