Қазақша Мақал — Мәтел: Алғыс, Ризашылық

0

Қазақша Мақал - Мәтел: Алғыс, Ризашылық казакша Қазақша Мақал - Мәтел: Алғыс, Ризашылық на казахском языке

Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.


Алғыс алған жігіттің
аты бәйгеден келеді.


Алтын алма, алғыс ал:
алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.


Бедеу мінсең бел аласың,
Алғыс алсаң көп жасайсың.
Бота алғанша — бата ал.


Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.


Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.


Құр алғыс азық болмайды.


Сілеу алма, тілеу ал.


Қарғыс алма, алғыс ал.


Көп дұғасы — көл.


Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.


Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.