Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жолда туған ойлар

0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жолда туған ойлар казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жолда туған ойлар на казахском языке

Кешкі мезгіл. Түнерген аспан оқтын-оқтын жауып кетеді. Жаз шықса да күн жөнді жылынбаған. Вокзал басында сапырылысқан жұрттың ішінде жақ жүні үрпигендер көп. Қоңырау қағылды. Паровоз үні естілді. Вагонға кірдік. Самолетпен ұшуға дағдыланып, поезбен жүрмегелі бірсыпыра уақыт өткен. Кәрі тарланның таныс дүрсілін сағынсақ керек, құлаққа жағымды тиеді. Теңселе отырып, терезеге үңілудеміз… Аңқиып жататын екі Алматының арасы лық толы. Айсыз, бұлтсыз түндері аспанды безеген сансыз көп жұлдыздардай талай заманнан бергі қараңғы қаланы қараңғы түнде жыпырлаған электр шамдары жайнатып тұр. Көз қазіргіге түскенде, көңіл сонау алыстағыны елестетті… (85 сөз)

(Ғ.Мұстафин)