Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тойда

0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тойда казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тойда на казахском языке

Ел-жердің тұрмыс-тіршілігімен, жай-жағдайымен әбден таныспын. Қасым жырларын сүйіп оқып, құрметтеушілердің бірімін. Ежелден еңбекқор елдің еңсесі көтеріліп, Қасым сынды қасиетті ұлының мерейтойын осылайша тойлап, мерекелегеніне куә болғаныма қуаныштымын. Туған халқымен бірге өзінің талантты ұлы Қасым да мәңгілік жасай бермек, — деді Шер-ағаң.

Осы тойды көре жүріп, айналадағы табиғатқа мұнартып тұрған мынау тауларға қарап, менің ойыма Қасымның: «Жата алмас ем, топырағында тебіренбей, ақын болмай, тасың болсам мен егер», — деген сөзінің қасиетін енді түсінгендей болдым. Мынау қатар-қатар қаланған тау тастары кәрі тарих шежіресіндей. Бұл араның тасы да жыр жырлап, ән салып тұрғандай, — деп тебіренеді белгілі публицист-журналист, жазушы ағамыз Сарбас Ақтаев.

-Осынау ізгі тілек, ұлағатты ойлар Қасым тойына қатысқан әр адамның жүрегінде өзіндік үнімен, өзіндік лебізімен сайрап тұрғанына еріксіз көз жеткізіп, елжірей сүйсінесің.

Екі күн бойы жыры да, сыры да таусылмайтын қасиетті Қасым бейнесі бұрынғыдан бетер зорайып, тұлғалана түскендей. (137 сөз)