Қазақша диктант: Қазақ тілі | Мұң

0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Мұң казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Мұң на казахском языке

Өткен он айдың ішінде мен бірнеше шабуылда болдым. Өлімді тіпті көп көрдім. Жақын жолдасыңның қиналып барып жан тапсыруын көруден ауыр не болады дейсің. Ол-жаныңа жаны қосылған досыңның өлімі, ол-тізе қосып бірге алысқан жолдасыңның өлімі.

Жауды мен аямаймын, оның өліміне ішім қынжылмайды: өйткені, мен адамды емес, адам бейнелі айуанды қырып жүргенімді жақсы білемін. Ал енді қасында ғана қызыл әскерше киінген қыршын жас өліп жатқанда жүрегің қатгы ауырады, құрбылар! Осы ғажап қырғын, сұрапыл алыс үстінде жаныңа сүйеу болатын нәрсе: біздің жігіттер ерлерше өліп жатыр деген берік сенім. Олардың өлімінде де өмір бар! (99 сөз)

(Ғ.Мүсірепов)

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз