Қазақша диктант: Қазақ тілі | Әпкем

0
271

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Әпкем казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Әпкем на казахском языке

Күн райы да менің көңілім сияқты. Аспанды қалың бұлт торлаған. Анда-санда тырс-тырс тамшылар тамып қояды. Күз айы ғой бұл. Әпкемді ойлап сағынып келемін. Жаңа клубтың алдынан өтіп бара жатқанда, көз алдым бұлдырап кеткен. Сөмкем ап-ауыр. Әпкем осыны алдын-ала ойласа керек, арқама асып қоятын сөмкі әперіпті. Сонда да зілдей. Анау тұрған қызыл шатырлы кішкене үй әпкемнің үйі. Мен сонда беттедім. Асығу керек. Мені атам мен әжем күтіп отыр. Әнеки, үйдің алдына атам шықты. Маған қолын бұлғады. «Бұрын бүйтпейтін еді, не боп қалды екен? Әлде әпкем келді ме? Келсе, неге менің алдымнан шықпайды?» Осындай сауалдар мазалаған мен асығып келемін. (100 сөз)