Қазақша Бата — Тілек: Шерхан Мұртаза (Жаңа жыл) | шерхан мұртаза жаңа жыл, шерхан мұртаза жаңа жыл бата тілек, шерхан мұртаза өлеңдері, Қазақша Бата — Тілек: Шерхан Мұртаза

0

— Уа, жаратқан құдірет! Жаңа жыл
да барлық ауыртпалық, қыстамшылық- қиындық өткен жылмен кетіп, жаңа жыл
да елімізге, әр от басына тыныштық, бейбітшілік бере гөр!
— Қайран Қазақстанымызды бәле-жаладан, зіл-заладан, қайғы-қасіреттен сақтай гөр!
— Иә, құдай! Еліміздің тәуелсіздігі, еркіндігі баянды болып, халқымыздың бірлігі, татулығы, бауырмалдығы арта түссін, «еңбек – еш, тұз – сор» болғаннан сақтасын.
— Еңбекке ынта-жігер таси берсін!
— Жаратқан құдірет! Ел басшыларына ағыл-тегіл ақыл, имандылық пен рахым бергей!
— Әкімдеріміз нысапты, адал да әділ болсын, оларға биік өріс, нарықты парасат бере гөр!
— Елімізге молшылық, тойымдық, береке берсін.
— Жалқаулар, еріншектер мен араққұмарлар арамыздан арылсын.
— Намысты, батыр да батыл азаматтар ортамызда көп болсын.
— Елімізде әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүріміз өркен жая берсін!
— Халқымыз ізгілік нұрына бөленіп, отбасыларымыздың әрдайым береке арылмасын!