Қазақша балалар өлеңі: Балалық шақ

0

Қазақша балалар өлеңі: Балалық шақ казакша Қазақша балалар өлеңі: Балалық шақ на казахском языке

Балалық шақ — балғын шақ,
Өмірдің өзі болашақ.
Балалық шақ шектеулі,
Ойнайтын кезде асыр сап.

Қайта оралып келмейтін,
Балалық шақтың қызығы.
Мектеп те қайта келмейді,
Қоңыраудың сыңғыры.

Балалықтың шаттығы
Ештеңеге жетпейді.
Үлкен болып өскенше
Ол жаныңнан кетпейді.

Мамытхан Гүлзинат 12 жаста
Шымкент қ, «Қазығұрт» жалпы орта мектебі, 6-сынып