Қазақша ашық сабақ: Қадыр Мырзалиев «Кәрі Қыран» өлеңі
Ашық сабақ мақсаты : Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңінің мазмұны мен идеясын жете меңгереді.
Ашық сабақ міндеттері :1.Мазмұнға байланысты :
1.Қадыр өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алады.
2.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсіне отырып, мазмұнын меңгереді.
3. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту : Нақыштай оқуға бейімделеді. Шығарманың эстетикалық мәнін түсіне отырып, шығармашылықпен жұмыстанады.
4. Топтық жұмыс : Бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды жасайды, алған білімін бекітеді.
Көрнекілігі :Қадыр портреті, хронологиялық кесте, Қазақстан картасы, бейнетаспа, Қадыр туралы пікірлер, «Бүркіт атаулары» кестесі, қыран суреті
Әдісі: 5 жол өлең , топтастыру, 2 жақты күнделік стратегиялары
Сабақ барысы : 1 Қызығушылықты ояту
2 Мағынаны тану
3 Ой- толғаныс
Мұғалім сөзі : Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте !
-Осы өлеңнің авторы кім ? Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар жұмыстанады.
Біртуар тұлға Бұрынғы әнұран авторларының бірі Ақын
Ән мәтінінің авторы Қадыр Балалар ақыны
«Иірім», «Жазмыш» кітабының авторы
Мұғалім хронологиялық кестемен Қадыр өмірінен мәлімет береді. Қыран суретін көрсете :
-Оқушылар, мына құс қандай құс ? Қайда тіршілік етеді ? Ойларыңды қағазға түсіріңіздер.
Еркін жазу стратегиясымен жұмыстанған оқушылар жауабы тыңдалады.
Мұғалім :-Қыран құс туралы толық мәліметті сіздерге биология пәнінің мұғалімі Абуова Жаннат апай айтып береді.
Биолог «Бүркіт атаулары» атты көрнекілікті қолданады.
1 жаста-балапан
2 жаста-қантүбіт
3 жаста-тірнек
4 жаста-тастүлек
5 жаста-мұзбалақ
6 жаста-көктүбіт
7 жаста-құмтүлек
8 жаста-жаңа(қутүлек)
9 жаста-майтүбіт
10 жаста-барқын /кәрітүлек/
11 жаста-баршын/ақтүлек/
12 жаста-шөгел/ақырғы түлек/.
Бейнетаспадан мұғалім қыранның тіршілігін көрсете отырып түсіндіреді.
Мұғалім :-Қыран- 7 қазынаның бірі. Қыранға байланысты қандай мақал-мәтел, өлең шумағын білесіздер ?
Оқушы Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін жатқа оқиды.
-Қыран қазасы қияда
-Құс патшасы-бүркіт, аң патшасы- арыстан
-Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
-Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі қыран емес.
-Қайырсыз сұңқардан қайырлы тұрымтай артық.
Мұғалім :-Біртуар ұлы тұлғаларды халқымыз әспеттеп, құрметтеп отырған.
«Қырандай алғыр, қырандай биікке самға» деген ақ тілекті де айтқан. Қырандай алғыр, қырандай биікке самғаған ұлы тұлғалардың бірі —
Қадыр Мырзалиев .
Қадыр Мырзалиевтің «Кәрі қыран» өлеңін мұғалім жатқа оқиды. [Кәрі қыран өлеңі]
Мәтінді нақыштап оқушыларға оқытқан соң :
-Қыран өліміне не себепші болды?
-Жас бүркіт неге қорықты ?
-Қыранша өмір, өлім-бақыт дегенді қалай түсінесің ?- деген жетекші сауалды мұғалім қояды. Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасатады.