Қазақша ашық сабақ: Математика | Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау
Сыныбы: 6-сынып
Пәні: Математика
Сабақтың мақсаты: Оқушылар теңбе-тең өрнектердің анықтамасын; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып алгебралық өрнектерді оған теңбе-тең өрнектерге түрлендіруге болатындығын; өрнектің алғашқы түрі мен ықшамдалған түрінің теңбе-тең өрнектер екендігін білу;
Міндеттері: — Оқушыларды алгебралық өрнектерге мысал келтіру, әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге ,өрнектің мәнін таба білуге үйрету; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік заңдарын пайдаланып, алгебралық өрнекті теңбе-тең түрлендіріп ықшамдауды үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар
Сабақтың типі: жаңа білім
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ә) оқушыларды 3 топқа бөліп, топ кеңесшісін белгілеу
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.
Қосу мен көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
3/7 + х+4/7 – х; 2) 0,4а*0,5в*10с
ІІІ. Мағынаны тану
1)Қосу амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып,алгебралық өрнектерді ықшамдау
4а + (6а – 5)=(4а + 6а) – 5=10а – 5
2) Көбейту амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып,алгебралық өрнектерді ықшамдау
(1/5*3/4 х)*8/9=1/5*(3/4х*8/9)=2/15х
3) Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып,алгебралық өрнектерді ықшамдау
9(2а+3)=9*2а+9*3=18а+27
4)Алгебралық өрнектердегі бөлшектерді қысқарту тәсілімен ықшамдау
12ав/6а=2в
5)Алгебралық өрнектің мәнін табу
7*(х+3)+5, мұндағы х=-4
7*(х+3)+5=7х+21+5=7*(-4)+26=-28+26=-2
Математикалық лото
5а*3в*2 8в*(-0,25) 18авс/27с
5/6 а+2/3-1/6 а 0,7(9+5в) 1/6(4в-3/5)
8/9 х*(-3/4) 6авс/15а 0,13(5х-10)
Жауаптар: 2/3 ав;2/5 вс; -2/3 х;-2в; 30ав; 6,3+3,5в; 6,5х-1,3; 2/3 в-0,1; 2/3(а+1);
ІІІ. Ой толғанысы
Оқушылардың білімін бағалау