Қазақша Ашық сабақ: Математика, Бастауыш | Сан есім
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін жетілдіру.
• сан есімнің тұлғасына, мағынасына және құрамына қарай түрленуіне арналған жаттығулар орындату арқылы сан есім сөздердің өмірде қолданылуы жайлы түсініктерін кеңейту;
• ой-өрісін, зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін ,дүниетанымын дамыту;
• адамгершілікке, елжандылыққа,ұлттық тарихи құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық-танымдық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, жеке жұмыстар,ой қорыту, танымдық ойындар, ізденушілік жұмыстар.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, домбыра, суреттер,цифрлардың таңбалары.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:
-Сәлематсыздар ма, балалар?
Оқушылар хормен:
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба көк аспан.
Амансың ба достарым,
Амансыз ба ұстазым!
Қонақтарға бұрылып:
Біз Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!
ІІ.Өткенді қайталау.
ғқұәүюрпораиррүғпнеопсаніңяесімғңмокурэжъхзбюлдеғ
Осы әріптердің ішінен бүгінгі сабақтың тақырыбы болатын сөздерді табу.
САН ЕСІМ.
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы туралы кім не айтады?
-Бүгінгі сабақта не үйреніп, не білеміз деп ойлайсыздар?
Оқушылар сабақтың мақсаты туралы өз ойларын айтады.
Мұғалім сабақтың нақты мақсаттарымен таныстырады.
ІІІ.Каллиграфиялық минут.
Дәптерге бүгінгі күнді жазу.
М м әріптерін жазып шығу.
ІV.Ой қозғау.
-Балалар ,бүгін көктемнің алғашқы күндері қандай керемет?Керемет демекші, осы әлемде де кереметтер көп емес пе?Қандай кереметтерді білесіңдер?
1-оқушы:
Әлемнің алғашқы жеті кереметі:
1. Египет пирамидасы.
2. Вавилондағы Семирамида аспалы бағы.
3. Ертедегі Артемида храмы.
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
7. Александрия маягі.
2-оқушы:
Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет:
1. Рим колизейі.
2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар.
3. Қытайдың ұлы қорғаны.
4. Англиядағы алып тас қорған.
5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы.
6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара.
7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.
Мұғалім:Адам баласын таң қалдыратын ғажап дүниелер!Бұндай кереметтер біздің елімізде бар ма екен,анықтап көрейікші!Бүгінгі сабақта Қазақстанның 7 кереметіне не жатқызуға болатынын анықтайық.Ол үшін бізге сан есім туралы білімдеріміз қажет болады.Әрбір тапсырманы орындаған сайын бір-бір кереметті ашып отырамыз.
VІ.Оқулықпен жұмыс.
-Ендеше ,іске сәт!Оқулықтағы 17-жаттығуды орындау.
1.Мәтінді түсініп оқу.
2.Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
3.Сан есімдердің дара немесе күрделі екенін айту.
-Тапсырмалар орындалды.
1-кереметіміз — Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
VІ.Мәтінмен жұмыс.
-Келесі кереметті анықтау үшін мәтінге назар аударайық.
Оны Қарнақ қаласында бір мың үш жүз тоқсан тоғызыншы жылы Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әдДин жеті металл қоспасынан құйып жасаған. Оған алпыс шелек су сияды, салмағы екі тонна. Бір мың тоғыз жүз отыз бесінші жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитажға әкетілген еді. Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы жылы елге қайтарылды.
Тақтаға 3 оқушы шығады:
1-оқушы.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
2-оқушы.Дара сан есімдерді теріп жазып,талдау.
3-оушы.Күрделі сан есімдерді теріп жазып, талдау.
-Тапсырмалар орындалды.
2-кереметіміз – Тайқазан.
VІІ.Ойлан,тап!
1.Сызықшаның орнына тиісті сан есімді қойып, мақал құрастыру.
2.Сан есімдерді тұлғасына , мағынасы мен құрамына қарай талдау.
3.Сандарды үш тілде айту. (Қазақша, орысша, ағылшынша.)
1. Өнерлі баланың __10____ саусағы тең,
Өнерсіз баланың ___1___ саусағы кем.
2. Білгенің бір __9____,
Білмегенің ___99___.
3. __7____ жұрттың тілін біл,
__7____ түрлі ілім біл.
4. Ер жігіттің ___2___ сөйлегені – өлгені.
5. ___6___ күн атан болғанша,
___1___ күн бура бол.
-Тапсырмалар орындалды.
3-кереметіміз – Айша биі мазары.
VІІІ.Сергілту сәті.
Шаршаған да болармыз, бойымызды сергітіп алайық!
Бір – таңертен тұр,
Екі – шынығып бекі,
Үш – тазала тіс,
Төрт – сабындап жу бет,
Бес – сүртін тез,
Алты – үйді жина,
Жеті – киін енді
Келесі кереметіміз не екенін білу қызық па Сіздерге!
ІХ.Жұмбақтар шешу.
1-қатар:Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу, жүз, екі жүз, мыңы бар.
Әрқайсысының құны бар. Бұлар нелер? (теңгелер)
2-қатар: Білімі жетсе шамасы,
Алатын алар аласы. Бір мен бестің арасы. Бұл не? (Мектеп бағалары)
3-қатар: Үш жүз алпыс бес,
Үш жүз алпыс алты,
Әр жылдағы қалпы. Бұл не? (1 жыл)
4-кереметіміз – Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер.
Х.Өзіндік жұмыс.
1 – қатар. «Менің отбасым».
2 – қатар. «Менің сыныбым».
3 – қатар. «Менің бос уақытым».
Сан есімдерді қатыстырып шағын әңгіме жазу.
5-кереметіміз – Алтын Адам.
-Келесі кереметке жатқызуға болатын затты мен былай жұмбақтағалы тұрмын:
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл,сөзге жүйрікболғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқ та.
-Домбыра .
-Домбыра туралы Қапар Жансая жинаған деректерімен таныстырады.(Жоба жұмысы)
Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: “Е, бұл шайтанның ісі болды ғой”, — деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасындағы жоғарғы тиекті “шайтан тиек” деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.
ХІ.Жеке жұмыс.
1-карточка.Сан есімдерді теріп жаз.
2-карточка.Берілген сандарды сөзбен жаз.
3-карточка.Қай айда 28 күн бар? Сан есімді тап.(ауызша)
4-карточка.Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.(ауызша)
5-карточка.1 жұмыртқа 10 минутта піседі, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (ауызша)
Ұжымдық жұмыс.
ХІІ.Сөздерді сөз таптарына топтастыр.
Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмді, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, сексен алты.
-Тапсырмалар орындалды.
7-кереметіміз -Күлтегін ескерткіші.
«Әр халықтың цифрларының таңбалануы.» Шокенов Диастың ізденушілік жұмысы.
ХІІІ.Қорытынды.
Қазақстанның 7 кереметін анықтадық.
ХІV.Үйге тапсырма. 18-жаттығу.
ХV. Бағалау.
1.Мұғалімнің бағалауы.
2.Оқушылар бейнелер арқылы өз көңіл күйлерін білдіреді.