Қазақша Ашық сабақ: Бастауыш | Фариза Оңғарсынова «Жылу»

0

Ашық сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «ЖЫЛУ«
Ашық сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ана — сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый — құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілі: сұрақ — жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта, суреттер, «Ана» моделі.

Ашық сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: «Жылу сыйлайық»
II. Үй тапсырмасын сұрау
1 — топ. Қабуснама – деген не? Қайқаус кім?
2 — топ. «Ата — ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерінің шегін тауып оқу.
3 — топ. Үйге берілген «Ата — ананы құрметтеу»тақырыбына жазған
шығармаларын оқу.
— Міне, өздеріңнің ата — аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата — анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.
— Ата — ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар.

III. Жаңа сабақ.
1. Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат.
Мейірімді — апаң қымбат…
— Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
— Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашыр — лық сезімдерің кімге арналады?
2. — Балалар, кімнің суретін көріп отырмыз? (Фариза Оңғарсынованың суреті көрсетіледі).
Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз?(«Білім керек бәріне»).
Фариза Оңғарсынова. «Жылу» өлеңі
3. Фариза Оңғарсынова — Атырау облысында Новобогат ауданында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы. (мәлімет беру)
4. Өлеңді мәнерлеп оқу.
5. Өлеңді талдау. (Сұрақ — жауап).
Өлең кім туралы айтылған?
Ана құшағы
Ана жанары
Ана сүті
Ана жылуы
6. Жалғастыра оқу.
(Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап, тізбектей)
7. Сөздік жұмыс. (Дәптерге жазу).
Өң — бет, ажар, түс.
Жалғанда – дүниеде.
Ғұмыр — өмір.

8. Суретпен жұмыс. (Сұрақ — жауап).
Күн, Ана

(Суреттегі байланысты анықтау).
— Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
— Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
— Ана мейірімі туралы не дейсің?
— Ана сүті туралы ше?
— Ананың алақаны қандай?

9. Сергіту сәті
— Ана менен баланың айырмасы,
Ана — ән, бала оның қайырмасы,- деген тамаша сөз бар. «Алтын ана» әнінің қайырмасымен бойымызды сергітіп алайық.
10. Топтық жұмыс:
І топ. «Менің анам» тақырыбына ойтолғау.
ІІ топ. «Өлең ұйқастыру»стратегиясы
———————————— сыйлаймын,
———————————— тыңдаймын.
———————————— аламын,
———————————— баламын.

ІІІ топ. Ситуациялық жағдай.
1. (бәрін мойындап, кешірім сұрау)
2. (үстін қымтап жауып қою, мазаламау)

11. — Балалар, қазақтың ұлы адамдарының аналарын атап көрейікші.- Кәне, кім біледі?
Абайдың анасы — Ұлжан, әжесі — Зере; Шоқанның анасы —
әжесі — Айғаным; Ыбырайдың анасы -.
— Н. Ә. Назарбаевтың анасы кім?
12. « Даналық сөзден дән ізде» демекші, ана туралы мақал — мәтелдер айтып жіберейік.(Оқушылар білетін мақал — мәтелдерін айтады).
13. Ашық сабақты бекіту.
Модель қорғау: Ана – Күн

Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал.

ІV. Қорытынды. 1. Топтастыру
2. Үйге тапсырма:
«Жылу«өлеңін жаттау, талдау. Ана туралы шағын шығарма жазу.
3. Оқушылар білімін бағалау.