Қазақша Ашық сабақ: 1 Қазан – Халықаралық қарттар күні (Қариясы бар үйдің, қазынасы бар)

0

Ашық сабақ тақырыбы: Қариясы бар үйдің,қазынасы бар.
Ашық сабақ мақсаты: Үлкенді құрметтеп,сыйлауға.Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін
үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу.
Ашық сабақ түрі: Ардагерлер кеңесінің төрағасы
А.Түрікпенәлиевпен кездесу.
Ашық сабақ әдісі: Сұрақ жауап,пікірлесу,шығармашылық тапсырмалар.
Ашық сабақ барысы:
Ашық сабақтың уәждемелік кезеңі:
а) “Мен атамның жалғасымын” тақырыбында оқушылардың ойларын тыңдау.
ә) Аталар сөзі,ақылдың көзі: Аталы сөздер айту.

Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім өнеге,
Ақ тілеуі атаның.

Ата бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Өз бетінше жұмыс: Қай бидің сөзі екенін тап.

Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.(Қазыбек би)

Баз бала әкесінен өтіп туады,
Баз бала әкеісіне жетіп туады.
Баз бала кері кетіп туады (Төле би)

Аң халқыңа пайдаң тисін
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін. (Әитеке би)

Шығармашыдық жұмыс: Тақтадағы өлеңді оқып,жатқа жазу.

Иә,туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ата сөзін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.

Негізгі бөлім: а)Ауыл ардагері, ұстаздардың ұстазы,Абай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы , Түрікпенәлиев Алпамыс атаймен пікірлесу.

ә)«Алпамыс атайдың бір күні» атты сюжет көрсету.
б)Оқушылардың сұрақтар беру арқылы пікірлесуі.

Қорытынды кезең:
“Үлкенге құрмет,
Кішіге міндет”
мақалын пайдалана отырып тілектерін,өз ойларын айтуға ата аналарға, қонақтарға,оқушыларға сөз беру.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз