Қазақша анекдот: Жұмыстан келген күйеу

Бiр күнi күйеуi жұмыстан келiп, киiмiн iлейiн деп шкафты ашса, iшiнде бiр еркек отыр екен.
— Сен кiмсiң?
— Мен Саматпын, — дептi.
Содан есiктi жауып кетiп қалады. Ертесi жұмысында болған жайтты жiгiттерге айтыпты. Сонда олар:
— Ой, ақымақ, ол сенiң әйелiңе келiп жүр. Соған көзiң жетпедi ма? Ендi көргенде оңдырма! — дептi.
Кешке үйiне келiп, шкафты ашса басқа бiреу отыр екен.
— Сен кiмсiң?
— Мен Айдармын, — дептi.
— Саматты көрсең айтшы, сазайын тартам, — дептi.