Қазақша анекдот: Жұмбақтың шешімі

0

Қазақша анекдот: Жұмбақтың шешімі казакша Қазақша анекдот: Жұмбақтың шешімі на казахском языке

1958 жылдың шілде айы. Сағи ежелгі досы Сағындық Мырқалиевпен бірге Алматы — Қостанай бағытындағы пойызбен елге келе жатады. Олармен сапарлас Қазима, Күлдір атты қыздар да болады. Бір кезде әлгі екі қыздың әскери киінген үш орыс жігітімен әңгімелесіп түрғанын көзі шалған Сағындық оны Сағиға былайша жұмбақтап жеткізеді.

Келеміз Қазақстан даласында,
Алматы — Қарағанды арасында.
Мен көрдім үш сұңқардың шүйілгенін,
Бір көлде екі аққудың баласына.
Өзіңде бірге келе жатыр едің,
Осыны көрмедім деп танасың ба.
Сен де бір ақын жанды жігіт едің,
Шешуін жұмбағымның табасың ба?
Сағидың досына жауабы:
Мазмұны жұмбағының жаным ұқты.
Не деген жандар еді жолы құтты.
Бір көл деп отырғаның вагон екен,
Екі қызға үш офицер жолығыпты.