Қазақша Анекдот: Жауыз жанкүйер

0

Қазақша Анекдот: Жауыз жанкүйер казакша Қазақша Анекдот: Жауыз жанкүйер на казахском языке

Бірде екі бала футболға келе жатады. Алдарынан бір қабаған ит шығып, бас салады. Біреуі жерден тас алып, итті ұрып өлтіреді. Міне сол кезде *ProSPORT* газетінің тілшісі жүгіріп келіп:
— Қаласаңдар мен сендер туралы мақала жазайын? Мақаланың атын да ойлап тауып қойдым: *ҚАЙРАТТЫҢ* айбынды жанкүйері досын қабаған иттен қорғады*
— Мақала өте жақсы екен!…. Бірақ біз *ЖЕТІСУ* командасының жанкүйеріміз….
Тілші үндеместен кетіп қалады. Ал келесі күні газетте мынадай тақырыпта мақала жарық көрді:
* ЖЕТІСУДЫҢ жауыз жанкүйерлері үй жануарларын өлтіруде*