Қазақша Анекдот: Тойда оқылған хат

0

Қазақша Анекдот: Тойда оқылған хат казакша Қазақша Анекдот: Тойда оқылған хат на казахском языке

— Сәлем Жандос! Қалайсың? бүгін тойың болады дегесін қолыма қалам алып саған хат жазбасқа болмады. өйткені сен бұрын тек мендік болған едің. Екеуміз талай жаздың шырайлы кештерінде бірге жүрген едік. Сен ең алғаш Гитара үйреніп бастағанда мен сенің қасыңда болған едім және екеуміз алғаш ән айтқан едік. ( Осы жерге келгенде Үйленіп жатырған Жандостың маңдайынан тер бұрқ ете қалды, сірә кім екенін есіне түсіре алмай отырған болу керек. Ал қалыңдық болса бұлқан-талқан бола бастады, ол жүзінен байқалған болатын). Есіңде ма Айбек үйленгенде де тойға екеуміз барған едік? Сол тойдан кейін еуеуміздің арамыз алшақтай бастады. Өйткені сен сол тойда басқа біреуге ғашық болып қалған болатынсың.
Сол күндері мен сенімен бақытты едім. енді міне бүгін қолыңа ақ құсыңды қондырып жатырсың. Екеуің өмірде бақытты болыңдар, балаларыңыз көп болсын! Енді маған жолықпа, мен сені ұмытамын, сенде мені ұмыт.
Тек бір өтінерім, мен есік жақта тұр едім ( Осы жерге келгенде барлығымыз есік жаққа қарап қалдық, қай қыз екен деп ) Маған соңғы рет қол бұлғашы орныңнан тұрып. (Жандостың орнынан тұрып қол бұлғады.)
Рахмет Жандос, тағы да жұбыңмен бақытты бол. Игі Тілекпен: Сенің бойдақтық кезің.