Қазақша анекдот: Қожанасырдың құрбан шалуы

0

Қазақша анекдот: Қожанасырдың құрбан шалуы казакша Қазақша анекдот: Қожанасырдың құрбан шалуы на казахском языке

Қожанасыр құрбан шалуға жалғыз сиырын соймақшы болып, аяғы байланған малдың үстіне әйелі мен баласын мінгізіп қойып, сиырын асыға-үсіге бауыздап жіберіпті де, өзі сиырдың үстіне отыра кетіпті. Шала бауыздалған сиыр бұлқынып қалғанда, әйелі баласымен бірге ұшып түсіпті. Жығылған орнынан секіріп тұрып «Қылкөпірден о дүниеде алып өткің келмейді ғой, қасақы неме! Боқты алып өтесің!», – деп жүгіріп барып анадай жерде жатқан арқанды ала сала әйелі мен баласын шала-жансар тыпырлап жатқан сиырдың үстіне етпетінен жатқызып қойып, арқанмен таңып тастапты. Ал, өзі жалма-жан мойнына мініп алыпты да, екі мүйізінен бар күшімен ұстап: «Айламды асырдым ғой, енді қылкөпірде қалай туласаң да құлап түспеймін», – деп масаттанған екен.