Қазақша анекдот: Орынды жауап


Қарғалы атырабының тал, жиде өскен түйе өркеш құм төбелерінің арасынан әкесінің мінер атын әрең ұстап алып, ауылға келген Сағиға көршісі Қажен;
— Уәде қайда, сені балық аулауға бірге бару үшін ұзақ күттім? — дегенде Сағи;
Әкем аты жорға еді,
Көптен бері қолда еді
Тойынсын деп жіберсек.
Ұстап алдым зорға енді,
-деп Қажыған қалып танытыпты.