Қазақша Анекдот: Аттың сөйлеуі

Бірде атты жолаушы итімен бірге жолда келе жатса керек. Бір уақытта ұзақ жолдан шаршаған аты жата қалып, иесіне: «шаршадым, журе алмаймын, — дейді. Аттың сөйлегенін естіген жолаушы шошып тұра қашады. Қашып келіп, қамыстың арасына жасырынады. Өкпесін басып отырып, «аттың сөйлегенін бірінші рет естуім» — дегенде, қасындағы иті «менде» — депті.