Қазақша анекдот: Ақылды


Төсек тартып жатқан төреші өлер алдында патшаны шақырып:
— Мен енді өлейін деп жатырмын. Төрешілікті саған тастап кетіп барамын.
— Мен қалайша дауларды шеше аламын?
— Еш уайымдама. Егер алдыңа ақылды адам мен тентек келсе, әуелі ақылдыны тыңда, сосын шешімін соған қарап бер. Егер екі тентек келсе, мәселесін сот төрағалары-ақ шешіп тастайды.
— Жарайды. Егер екі ақылды келсе ше?
— Өй, болмайтын әңгіме ғой. Қырық жылдан бері төреші болып, екі ақылдының келгенін көрмеппін.