Қазақша анекдот: Әкеңді қайдан табамын?


Бір жігіт пен қыз қыдырып жүрсе керек. Бір кезде қыз:
— Мен тоңып қалдым, -депті. Жігіт костюмін шешіп береді.
Біраздан соң қыз:
— Тағы да тоңып барамын,-дейді. Жігіт дереу көйлегін шешіп береді. Тағы біраздан соң қыз:
— Білесің бе, бала кезімде өстіп тоңып қалсам, әкем құшағына алып жылытатын еді, -депті. Сонда жігіт:
— Енді түн жарымында мен саған әкеңді қайдан табамын, -деген екен.