Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер слайд,презентация — Әдебиет
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер слайд,презентация
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы «Жылнамалар жинағын» жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. «Жинақтың» тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған («Язык», «Жамиат-тауарих», «Жалаири», Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
Халыққа білім беру, оны мемлекеттік тұрғыда ұйымдастыру ісі Қазақстанда ХVІІІ ғасырдың аяғында басталады. Аталмыш шара патша үкіметі тарапынан екі бағытта жүргізіледі.
«…Құранды арабша ұғатын қырғыз үлкен ақыл иесі болып есептеледі. Өз тілінде, яғни татар тілінде оқып, жаза алатын әр қырғыз кемеңгер ретінде көрінеді, жалпы олар хат танымайды. Хандар, сұлтандар, билер де осындай дәрежеде. Олар өз жандарында сауатты іс жүргізуші, аудармашы ретінде молдалар ұстайды»
Қазақ жерінде мектеп ашудың, жергілікті халықты жаппай білімге тартудың қажеттігін сол кездегі қазақ даласын зерттеуші орыс ғалымдары айрықша атап көрсетеді. Мысалы, «қазақ халқының Геродоты» атанған А.И.Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордасы мен далаларының сипаттамасы» еңбегінде: 1888 жылғы №67 «Сібір хабаршысы» газетіндегі «Семей облысы Өскемен уезіндегі халыққа білім беру жағдайы» деген мақалада «Халыққа білім беру саласында Өскемен уезі қанағаттанғысыз жағдайда. Бүкіл уезді құрайтын 11 қазақ болыстығында бір ғана ауыл шаруашылық мектебі жұмыс істейді. Оқушылар саны 8-10-нан аспайды. Аталған мектепте ауыл шаруашылығы негіздерінен басқа негізгі пәндер оқытылмайтындықтан қазақтар бұл мектепке балаларын бергісі келмейді» деп жазады.
1850 жылы 22-тамызда Орынборда тұңғыш 7 жылдық қазақ мектебі ашылады. Мұнда келешекте ауылда ашылатын мектептер үшін мұғалімдер даярлайды. Болашақ ұстаздарға орыс, қазақ, татар тілдері, арифметика, география, тарих пәндері үйретіледі. Осы мектепті 1857 жылы Ы.Алтынсарин үздік бағамен бітіріп шыққан. Бар-жоғы 19 жыл жұмыс істеген мектептен 48 адам мамандық алып, көпшілігі қызмет атқарған.