Қазақ тілінің ережелері слайд,презентация — Қазақ тілі
Қазақ тілінің ережелері слайд,презентация
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады.
Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Екі белгі бар: ъ-айыру белгісі, ь- жіңішкелік белгісі.
Қазақ тілінде тән әріптер 10: ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ,ы.
Дыбыстар(звуки): дауысты, дауыссыз.
Дауысты(гласные)-12 дыбыс: а,ә,о,ө,е,э,ү,ұ,у,ы,и,і
1) Еріндік(5):ү,ұ,у,о,ө; Езулік(7):а,ә,е,ы,і,и,э;
2) Ашық(6): а,ә,о,ө,е,э; Қысаң(6):ү,ұ,у,ы,и,і,;
3) Жуан(5): а,о,ұ,ы,у; Жіңішке(7):ә,ө,ү,і,е,и,у,э;
Дауыссыз (согласные)– 25 дыбыс: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,у(тау)
қатаң(11):к,қ,п,с,т,ф,х, ч,ш,щ,ц
ұяң(8): б,в,г,ғ,д,ж,з,һ,
үнді(7): л,м,н,ң,р,й,у(уақыт)
Буын(слог):
ашық: а-на, қа-ла
тұйық: ат, ақ, ән, ет
бітеу: нан, тіл, қыс
Тасымал — перенос
Екпін(ударение) сөздің соңғы буынға түседі(постоянно падает на последний слог).
1)Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)
2) Дыбыс үндестігі (звуковой сингармонизм)
Буын үндестігі
жуан+жуан + жуан
жіңішке+ жіңішке+ жіңішке
Бағынбайтын қосымшалар(не подчиняются правилу)
көмектес септіктің жалғаулары: мен,пен,бен
нікі,дікі,тікі
еке,тай,жан,сымақ,(әкетай, көкежан)
шет тілінен енген қосымшылар: паз,қор,ғой,кер, гер,кеш,хана,күнем,дар,ист,изм,бан,тал,уар,ов,ев
(әсемпаз, еңбекқор, Әуезов)
Лексикология – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда тілдегі сөз байлығы(қанатты сөздер), сөздің лексикалық мағынасы(тура-ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним), шығу тегі (диалект, кәсіптік, неологизм, кірме сөздер, архаизм) қолданылуы зерттеледі.