Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау. Үй жануарлары №3 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын түсіну
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Заттың сынын білдіретін сөздерді қолдану
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді анықтайды
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтннің түйінді тұсын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты білетін ақпаратымен бөліседі..
Сабақ барысы: «Балмұздақ таяқшалары әдісімен үй тапсырмасын тексеру.
Жұмбақ шешу арқылы сабақтың мазмұнын болжайды.
Жұмбақтар
1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Заттың сынын білдіретін сөздерді қолданамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
«сиыр, жылқы, түйе, қой» сөздерін суреттермен сәйкестендіру арқылы меңгереді
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
(Ө) Оқылым
Оқылымалды тапсырма
Мына сөздерге ортақ нелер бар?(заттың түсін, сынын білдіретін сөздер, бір сұраққа жауап береді)
Мына суреттерді сөздермен сәйкестендір.
Ықтимал жауаптар:
Қоңыр қозы, сүтті сиыр, момын жануар, жүйрік ат, төзімді мал
Олар туралы не білесің?
Тағы не білгің келеді?
Оқылым тапсырмасы
(Ө) «Жауап кодтары» әдісі.
Оқушыларға ақпараттар жазылған кесте беріледі.
Ақпараттарды оқи отырып, сөйлемнің қасына төмендегі белгілерді қояды.
Таныс ақпарат =
Жаңа ақпарат +
Қызықты ақпарат *
Түсінбедім ?
Үй жануарлары туралы ақпараттар.
№ Сөйлемдер (ақпарат) Белгілер
= + * ?
1 Қой – өте момын жануар.
2 Қойдың жүнінен шұлық, қолғап тоқиды.
3 Қойдың терісінен тон тігеді.
4 Жылқыға мінеді(отырады).
5 Жылқы жақсы шабады.
6 Жылқының сүтін қымыз деп атайды.
7 Қымыз денсаулыққа пайдалы.
8 Жылқы таза суды ғана ішеді.
9 Түйе –шөлге төзімді жануар.
10 Түйемен жүк тасиды.
11 Түйенің жүнінен жылы киім тоқиды.
12 Түйенің сүтін шұбат деп атайды.
13 Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
14 Үй жануарлары жем, шөп жейді, су ішеді.
(Т) Әр оқушы өз бетімен кестені толтырған соң, 3-4 оқушыдан тұратын топқа бөлу.
Топта әр оқушы түсініксіз болған ақпараттарын айтады, қалған топ мүшелері түсіндіруге тырысады. Ал топ ішінде жауапты таба алмаса, сыныпқа ұсынып, бірлесе жауап береді.
(Т) «ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны.
1. Түйе жақсы шабады.
2. Қойдың жүнінен қолғап тоқиды.
3. Жылқының сүтін шұбат деп атайды.
4. Түйе -шөлге төзімді жануар.
5. Сиырдың сүтінен қымыз жасайды.
6. Адамдар жылқыға мінеді.
7. Қойдың адамға пайдасы жоқ.
8. Түйемен жүк тасиды.
9. Сиырдың сүтінен май жасайды.
10. Жылқының етін жемейді.
11. Сиыр шөп жемейді.
12. Жылқы тек таза су ішеді.
13. Малдар шөп, жем жейді. …..


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!