Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы (6 сынып, II тоқсан )

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы (6 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы (6 сынып, II тоқсан ) на казахском языке

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылардың Ахмет Яссауи кесенесінің тарихы туралы білімдерін кеңейте түсу.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай тапсырманы орындауға шақырады:
 Орта ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы не білесіңдер?
 Өзің білетін ақпаратыңмен топта бөліс.
 Қалай ойлайсыздар, мұндай ескерткіштер, кесенелер рухани орталық бола ала ма?
 Қазақ жеріндегі сәулет өнері жайында түсірілген қандай бағдарламаларды білесіңдер?
Мұғалім оқушыларды мәтінге зейін қоя отырып тыңдауға шақырады. Тыңдалымды бастамас бұрын мұғалім мәтіндегі ақпараттарға байланысты сұрақтар қойылатындығын айтып, мұқият назар аударуларын сұрайды. Оқушылар мәтінді екі қайтара тыңдайды.
Тыңдалым мәтіні «Сәулет өнері №2 ҰлыӘмір Темірдің басты туындысы» бағдарламасынан алынды. Сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=Bp2xCRT8IcM, 0,43-2,43 мин.)
Мәтінді түсініп тыңдағаннан кейінгі тапсырма ретінде мынадай тапсырма ұсынылады:
а) Мәтін мазмұны бойынша қойылатын жалпы сұрақтар:
 Мәтін мазмұны кім/не туралы?
 Кесененің сәулет өнері тарихындағы алатын орны қандай?
 Түркістан жеріне ат басын тіреушілердің мақсаттары қандай?
ә) Мәтін мазмұны бойынша қойылатын нақты сұрақтар:
 Түркістан қаласының ежелгі атауы?
 Қожа Ахмет Яссауи кешенінде қандай қосалқы орындар бар?
 Қожа Ахмет Яссауи кім болған?
 Аустралияның солтүстігінде орналасқан Кэрнс қаласынан келген туристің есімі кім?
 Гарридің Қазақстанға келгеніне қанша уақыт болды?
 Аңыз бойынша, қай жылы Әмір Темір мемориалдық кешен салмақшы болады?
 Ақсақ Темірдің сәулетті ғимаратты салудағы басты мақсаты не?
Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру үшін берілетін сұрақтар:
 ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген қандай ескерткіштерді білесіздер?
 Қожа Ахмет Яссауи кешені не себепті осы тізімге енгізілген?
 Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи туралы жазылған қандай көркем шығармаларды, аңыз әңгімелерді, өнер туындыларын білесіңдер?
 Жолың түсіп Түркістанға бара қалсаң, не істер едің?
 Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи туралы бағдарлама түсірушілерге қандай кеңес айтар едің?
ДЕСКРИПТОРЛАР
 тыңдалым тақырыбына қатысты ақпараттарды есіне түсіреді;
 мәтін мазмұны бойынша қойылатын жалпы сұрақтарға жауап береді;
 мәтін мазмұны бойынша қойылатын нақты сұрақтарға жауап береді;
 мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады…..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com