Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй (7 сынып, III тоқсан, 2 бөлім ) » ZHARAR
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Біздің өміріміздегі музыка.
Сабақ тақырыбы: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О4. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру.
А1. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу.
Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқылым мәтіндерінің құрылымын салыстыру; тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді ойын әсерлі жеткізуде қолдану; тыңдалым материалының тақырыбы мен негзігі ойын анықтау.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай Құнанбайұлының өлеңі арқылы ән мен күйдің маңыздылығы туралы әңгімелейді.
• Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.
• Саналу арқылы 3 топқа бөлінеді.
1-тапсырма.
Оқылымалды тапсырма. Ж
• Қазақтың қандай атақты күйшілерін білесіңдер?
• Күйдің құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер?
• Қазақтың домбырасын әлемге танытқан қандай әнші-күйшілерді білесіңдер? (Әміре Қашаубаев, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев, Айгүл Үлкенбаева, Асылбек Еңсепов, «Ұлытау» тобы, Димаш Құдайбергенов, «Бастау» тобы)
Оқылым тапсырмасы. ЖЖ.
Әр топқа 2 түрлі мәтін таратылады. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Ж.
«Кейіпкерге хат» әдісі бойынша мәтін кейіпкеріне хат жазады.
Саралау қағидасы: креативтілік
1-қадам: Мағынаны тану кезеңінде сіз мәтінмен жұмыс жасадыңыз.
2-қадам: Мәтіннен басты кейіпкерлерді таңдаңыз.
3-қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек.
4-қадам: Бұл сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс.
Егер … , не болар еді? Неге…? Неліктен …?
4-қадам: Осы сұрақтарға өздеріңіз мүмкіндігінше балама жауап ұсыныңыз. Мүмкін,… … болған шығар?
5-қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз.
Дескрипторлар:
• Сенімді, еркін жауап береді;
• Мәтіндерді салыстырады;
• Айырмашылықтарын табады;
• Ұқсастықтарын табады.
• Құрылымын сақтап, хат жазады;
• Сұрақ қойып, ұсыныс жаза алады.
Өзара бағалау мен мұғалімнің бағалауы дескрипторлар арқылы бағалайды.
Мұғалім сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді.
2-тапсырма.
Тыңдалымалды тапсырма. Ж
• Ән-күйге қатысты қандай аңыздарды білесіңдер?
• Сол аңыздар қаншалықты шындыққа жанасады?
Тыңдалым тапсырмасы.
«Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызының бейнематериалын 03.50-09.28 аралығында тамашалап, берілген кестені толтырыңыздар.
Тірек сөздер Мәтін тақырыбы Негізгі ой
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Күй немесе ән туралы СИНКВЕЙН әдісі арқылы 5 жолды өлең құрастырыңыздар.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
Дескрипторлар:
• Өз ойларын еркін білдіреді;
• Тірек сөздерді анықтайды;
• Мәтін тақырыбын анықтайды;
• Негізгі ойды табады;
• 5 жолды өлең құрастырады;
• Сөз таптарын орынды қолданады.
Мұғалімнің бағалауы:
Дескрипторлар бойынша оқушыларды бағалайды, ауызша және жазбаша кеткен қателіктер болса айтады…..
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com