Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А Яссауи кесенесі (6 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А.Яссауи кесенесі.
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.1.1. мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты ақпаратты анықтау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
— Мәтінді түсініп оқиды;
— мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
— мәтіннен детальді ақпаратты анықтап жазады.
Сабақ барысы: Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырып, оқушылармен бірге талқылайды.
Оқылым алдындағы тапсырма.
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқытпастан бұрын, мәтін негізінде тұжырымдарды оқиды. Оқушылар мұғалім ұсынған ақпараттың «шын немесе жалған» екеніне болжам жасайды.
Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан V
Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген V
Кесене ұзақ уақыт салынған, оның бой көтеруіне жиырма жылдан астам уақыт кеткен. V
Ғимаратта: «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған. V
Кесенеде 50-ден астам бөлмелер бар V
Кесенеде қоладан жасалған Тайқазан орналасқан V
Оқылым тапсырмасы.
1-тапсырма.
Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды.
«Шын немесе жалған» тапсырмасына қайта оралып, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
Болжамдарының қаншалықты дұрыс болғанына баға береді.
Келесі тапсырманы орындамас бұрын мұғалім мәтіндегі негізгі ақпарат, қосымша ақпарат дегеніміздің не екені туралы қысқаша түсінік береді.
Мәтіндегі негізгі ақпарат – негізгі ақпарат негізгі оймен тығыз байланысты болады. Автордың оқырманға жеткізбек болған мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдер, деректер.
Қосымша ақпарат – негізгі ақпаратты толықтырып тұрады. Ол жанама ақпарат, көбінесе негізгі ойды толықтыратын мысалдар, деректер жатады.
2-тапсырма.
Оқушылар негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған тапсырманы орындайды. Негізгі ақпарат берілген мәтіндерді нөмірлейді.
1.Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан, сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары.
2.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады.
3.233 жылдан кейін, Яссауи жерленген орында ерекше әдемі және үлкен кесене тұрғызылды. Ол бар болғаны он жыл ішінде – өте қысқа мерзімде бой көтерген!
4.Ол жерде көнеден келе жатқан киелі зат қола Тайқазан орналасқан, оның сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна.
5.Тайқазан түркі тайпалары ынтымағының және қонақжайлылығының белгісі.
6.1934 жылы Тайқазанды Ленинградқа алып кетіп, бірнеше жылдар бойы Эрмитаждың бір залында экспонатқа қойған екен.
7.Кесенеде шартты түрде сегіз блокқа бөлінген 30-дан астам бөлмелер бар.
Дұрыс жауаптар:
Негізгі ақпарат: 1.3.4.7
3-тапсырма:
Оқушылар «кім? қандай? қашан? қанша?» сұрақтарына мәтіннен жауап іздеп жазады. Мәтіннен детальді ақпараттарды тауып жазады.
Дескриптор:
• Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
• сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпаратты табады;
• неліктен негізгі, қосымша ақпарат екеніне түсінік береді.
Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
ЖЖ.
РАФТ стратегиясы арқылы ауызша мәтін құрайды. Оқушылар жұпта бірлесе жұмыс жасайды.
• Рөл – тарихшы, экскурсия жетекшісі
• Аудитория – мектеп оқушылары
• Форма – экскурсия жүргізу, таныстырылым дайындау
• Тақырып — Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне саяхат.
Дескриптор:
• Белгілі бір рөлді таңдап, рөлге ене біледі;
• аудиторияны ескеріп, соған бағыттап сөйлейді;
• тақырыпты ашады;
• мәтіндегі ақпараттарды тиімді пайдаланады;
• формасын сақтайды;
• сауатты сөйлейді.
Жұптар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды. …..
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com