Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы туризм (8 сынып, IV тоқсан ) » ZHARAR
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы туризм
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау
Сабақтың мақсаттары: Бейнебаяннан үзінді тыңдап, мәтінде көтерілетін мәселені болжау.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды жұпқа бөлу
«Атом және молекула» әдісі арқылы жұпқа бөлінеді.
Оқушылар сынып ішінде атомдар мен молекулалар сияқты еркін қозғалыста болады. Мұғалімнің басқаруымен әртүрлі сандар айтылады. Сол санға сәйкес әр ойыншы бір-біріне жұп таба білу қажет. Мысалы: 2 деген сан айтылғанда, жұп болып тұрып қалу қажет.
Жаңа сабақ
1. Бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен танысады.
Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
2. Оқушылардың қызығушылықтарын тудыру мақсатында тақырыпқа байланысты суреттер ұсынылады.
«Көршіңмен сырлас» әдісі
Сурет мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
Жауап беру үшін ойлануға уақыт береді.
Өз ойын жұбымен бөлісіп, ақылдасады.
Бір-бірінің жауабын толықтырып, берілген сурет бойынша білімдерін ортаға салады.
Сурет бойынша тақырыпты анықтағаннан кейін оқушылардың назарын сабаққа аударып, мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Тыңдалым алды тапсырма
«Бурабай туралы аңыз»
Мұғалім оқушылардан Бурабай туралы не білетіндіктерін, ол туралы қандай аңыз бар екендігін сұрайды. Егер оқушылардың арасында Бурабай туралы аңызды білетіндері болса, айтып берулерін сұрайды. Егер ешкім білмейтін болса, мұғалім өзі баяндап береді. Осылайша Қазақстандағы жер жаннаты Бурабайдың табиғаты ғана емес, оның ауасы мен суының да емдік қасиеті бар екендігін туралы әңгіме жүргізеді.
Тыңдалым тапсырмасы
Оқушылар алдымен кестеде берілген сұрақтармен танысып алады.
Оқушылар «Туризм – экономиканың басты саласы» атты бейнебаянның кіріспе бөлімін тыңдайды.
Мәтінде қандай мәселе туралы айтылуы мүмкін деген болжаммен кестенің алғашқы бөлігін толтырады.
Өз болжамын дәлелдеу үшін бейнебаян мазмұнынан дәлел келтіріп, кестенің екінші бағанын толтырады.
Мұғалім бейнебаянды әрі қарай тыңдатады.
Оқушылар тамашалап отырып, кестенің үшінші бағанын толтырады.
Тапсырма жеке-жеке орындалады.
Кесте
Көтерілетін мәселе (менің болжамым) Мәтіннен дәлел
(1-2 сөйлем) Мәтінде көтерілген мәселе
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Шеңбер» стратегиясы
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Төмендегі сұрақтар бойынша талдау жүргізеді.
— Бейнебаянның мазмұны не туралы?
— Бейнебаяннан қандай мәліметтер алдыңдар?
— Қазақстандағы туризмді дамытудың қандай пайдасы бар?
— Сауықтыру демалыс орындарының туризм үшін маңызы қандай?
— Туризм саласын дамытуда Бурабайдың ролі қандай?
— Еліміздің туризм саласын дамыту үшін тағы қандай іс-шаралар жасалуы керек?
Дескриптор:
— Мәтінде қандай мәселе туралы айтылуы мүмкін деген болжам жасайды;
— бейнебаян мазмұнынан 2 дәлел келтіреді;
— мәтіндегі мәселені анықтайды.
Бағалау
Оқушылар жұппен бірге бір-бірінің кестедегі жауаптарын тыңдап, жазғандарымен танысады. Өзара талқылайды, нәтиже бойынша бір-біріне ұсыныс айтады. Оқушылар ұсыныстар бойынша кестелеріне толықтырулар мен түзетулер жасайды. Берілген критерийлерге сәйкес өзара бағалайды……
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com