Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мейірімді Нұрай №9 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім) » ZHARAR
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Мейірімді Нұрай №9
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтінді рөлге бөліп оқиды, мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өз бетінше септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырыпқа қатысты өз пікірін айтады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер «Жүректен жүрекке»
Сабақты бір — біріне жақсы тілек тілеуден бастайды.
Мен саған … тілеймін (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік).
«Болжау» стратегиясы.
Оқушылар сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжап айтады.
— Балалар, сендер аталарыңа, әжелеріңе көмектесесіңдер ме?
— Өтірік айтасыңдар ма?
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады)
— тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
-тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін
— жалғауларды дұрыс қолданамын.
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: ешкім, сынған, сындырып алу.
1. Осы сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіру.
Сынған ыдыс Сындырып алу
Ешкім — ешкімді ренжітпедім, ешкімді көрмедім, ешкім айтпады.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
— мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
— оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
— дұрыс айтуға дағдыланады: сынған — сыңған
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Анама көмектесемін, ыдысты сындырып алды, сынған ыдыс
4. Сөйлемдер құрастыру.
Бүгін мен анама көмектесемін. Әли ыдысты сындырып алды. Ол сынған ыдысты жинады.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ұ) Грамматикалық қоржын. Септік және жіктік жалғауларын қайталайды.
Мен сындырып алды+м/ Мен көмектесе+мін
Сен ыдыс+ты сындырып алдың/ Сен анаң+а көмектесе+сің
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады.
Мысалы:
Зере анасына көмектес… .
Ол гүл… су құйды.
Тиісті қосымшалар: — ге, -ты, -ті, -дың, -ны
(Ұ, МК) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.
Дескриптор:
1. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтады;
2. Тірек сөздерді қолданады;
3. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс айтады.
Тірек сөздер: жексенбі, көмектесті, шаңын сүртті, су құйды, жуды, риза болды.
Кері байланыс: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?…
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com