Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күзгі еңбек (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күзгі еңбек (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күзгі еңбек (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Уақыт
Сабақтың тақырыбы: Күзгі еңбек
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3 Тыңдаған аудио, бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша даму желісін иллюстрация бойынша орналастыра алады.
Көпшілігі: тыңдаған материалдың мазмұнын даму желісі бойынша иллюстрацияға орналастырып, дәлелдер келтіре алады.
Кейбірі: тыңдаған материалдың мазмұнын өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.
Сабақ барысы: Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру үшін
«Эмоция» жаттығуыжасалады.Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызады. Оқушылар шеңберге жиналып, өз көңіл күйлерін мимикамен көрсетеді.
Топқа бөлу
«Күзгі өнімдерді жинау»
Оқушылар көкөніс пен жемістерді себетке жинау арқылы екі топқа бөлінеді («Көкөністер», «Жемістер)
«Қарлы кесек» ойыны
Оқушылар шеңберге тұрады. Ойын бастаушы қағаздан жасалған домалақ қарды кез-келген оқушыға лақтырады да, өткен тақырыптар бойынша(Жаз туралы) сұрақ қояды. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді.
Қызығушылықты ояту
Жылдың мезгілінде болатын құбылыстардың дыбыстарын тыңдау арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Мысалы: жаңбырдың жаууы, желдің соғуы, құстардың ұшып келуі, жапырақтың түсуі және т.б
Сабақтың мақсатын таныстыру.
• Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін иллюстрациялар бойынша орналастыру.
(МК,Ұ) Жаң сөздерді меңгерту.
Сюжетті суреттің желісіне қарай оқиғаға дейін не болуы мүмкін, кейін не болғанын болжап, айтып береді.
Дұрыс жауабын тақтада берілген иллюстрация бөліктерімен салыстырып өзін-өзі бағалайды.
Бағалау критерий
˗ Сюжет мазмұны бойынша дейін және кейін болған оқиғаны болжап айтып береді;
˗ жүйелілікті сақтайды;
˗ сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Тыңдалым мәтіні
Мәтіннің мазмұны бойынша мәтін бөліктерін анықтап «Сөйлейтін кітапша» жасайды.
Жұмыс топта жасалады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.
Күз келді. Күн суытты. Жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Адамдар жылы киіне бастады.. Адамдар көкөністерді, астықты жинап, қысқа дайындық жасайды…..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com