Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне түркі жазба ескерткіштері (8 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне түркі жазба ескерткіштері (8 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне түркі жазба ескерткіштері (8 сынып, I тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері
Оқу мақсаттары: Т/А8.1.3.1 — тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• қажетті ақпаратты тауып, астарлы ойды түсінеді.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Төменде берілген сұрақтарға оқушылар жұбымен ақылдасып жауап береді:
1.Көне түркі жазба ескеркіші дегенді қалай түсінесің?
2.Моңғолияда қандай өзендер болды (5-7ғ.ғ)?
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
1-тапсырма.
Ж. Тыңдалым тапсырмасы.
«Көне түркі жазбалары» тақырыбында бейнефильм көреді. Тыңдалым мәтініне байланысты болжамдарымен салыстырады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
ЖЖ.
Төмендегі сұрақтардың көмегімен жұпта диалаог құрып, ой бөлісіңдер.
Сұрақтарды қойып, жауап беруде сұрақ қоюшы мен жауап беруші рөлдерін алмастырып отыруды ескеріңдер.
-Көне жазбаларға Страленбергтің қатысы туралы не білесің?
-Көне жазбалар қандай себептен «Руно» жазуы аталған?
-1893 жылдың 25 қарашасында қандай оқиға болды?
-«Тәңірі», «Түрік» сөздері туралы не білесің?
-«Күлтегін» жыры туралы мәтінде не айтылды?
Формативті бағалау
.Осы топ ұсынған 3 маңызды ақпарат, 2 қызықты ақпарат, 1 менің ұсынысым.
2-тапсырма.
Оқушылар тыңдалым мәтінідегі негізгі және қосымша ақпараттарды төмендегі кестеге толтырып, негізгі ақапартты басшылыққа алып, Көне түркі ескерткіштері жөнінде әңгімелеседі (жұптық жұмыс).
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
3-тапсырма.
Сынып оқушылары «Көне түркі ескерткіштері» тақырыбындағы мәтінді тағы бір рет тыңдайды және мәтіндегі бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды анықтап, орфографиялық нормаға сай жазады.
Үлгі. Өзен атаулары: Енесей, Орхон т.б.
4-тапсырма.
«Кезбе тілші» әдісі.
«Көне түркі ескерткіштерінің маңыздылығын қалай сақтап қалуға болады?» сұрағына ортақ талқылау жүргізіледі. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Сұхбаттасу немесе диалог құру барысында ғылыми терминдерді, ғылыми деректерді, жалқы есімдерді орынды қолдануы керек. Жинаған мәліметтерін өз тобының басқа мүшелерімен бөліседі.
Сұхбат жазудың алгоритмі:
1. сұхбат берушімен амандасу;
2. сұхбат алу мақсатымен хабардар ету;
3. сұхбат алу мақсатына орай сұрақтарды іріктеу;
4. сұхбат беруші үшін қолайлы тілдік қорды қолдану;
5. сұхбат берушінің жауабына қарай сұрақтарды өзгерту.
Әр топ бірін – бірі төмендегі бағалау критерийімен бағалайды:
Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті
жауап беру Дескриптор Балл
Білім алушы:
терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданады…..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com