Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2 (2 сынып, IV тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2 (2 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2 (2 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Cаяхат»
Сабақ тақырыбы:Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
2.5.1.6 мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажырату
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратады.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратады.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратады.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту.
Оқушылар судың дыбысын тыңдайды.
-Бұл ненің дыбысы?
-Судың.
Одан кейін оқушыларға көлдің суретін көрсету.
-Ненің суретін көріп тұрмыз?
-Қалай ойлайсыздар, көлде не істеуге болады?
-Бұл көлдің суреті біздің сабағымызға қандай қатысы бар?
Оқушылар тақырыпты анықтайды.
Сабақтың тақырыбы: Әңгіме жазу үшін идеялар жинау№2
Сабақтың мақсаты:
• сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
• Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, ) ажыратады.
(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрады.
Көлде демалу үшін сөмкеңе не салар едің?
«Мен сөмкемді жинап, оның ішіне … салдым» ойынын ойнайды.
Бірінші оқушы бір затты атайды, екіншісі екі зат қосады, әрбір келесі оқушы тізімді есте сақтап қалуға тырысады. Егер оқушы есте сақтап айта алмаса, ойыннан шығады.
Оқушылар бірін-бірі шапалақ арқылы бағалайды.
(Ұ) Көлде демалғанда тағы да мынандай заттар қажет болар: (оқушылар тақтадан сөздер мен суреттерді қарап айтады. Содан кейін бір- бір суреттен алып тастайды, бірақ оқушылар ретін сақтап айтады.
қолшатыр, сланцы, шырын, су, фотоаппарат, балмұздақ, қалпақ, сөмке, кітап, құлаққап.
(Ж) Жұптық жұмыс. Қолшатыр, шырын, фотоаппарат, балмұздақ, құлаққап.
Әр жұпқа бір суреттен беру. Сол суретке диалог құрады.
Жұптар бірін- бірі бағалайды.
Сабақты қорыту. Мақсатқа кері қайту.
Үйге тапсырма: «Менің демалыс күнім» тақырыбына постер дайындау.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үтірлерді дұрыс қолдана алады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен сүйене отырып, жай сөйлемдерді жаза алады…..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз