Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дауыссыз дыбыстар емлесі(3 сынып, I тоқсан )

0

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар емлесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
— жаңа сөздерді ( э, ф, в) үлгі негізінде сауатты жазады;
— берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат алу, жүйелеуді үйренеді;
— кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
— сөз құрамында ( э, ф, в) дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
— берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат табу жолын біледі, жүйелейді;
— кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
— сөздердің ( э, ф, в) дыбыстық-буындық құрамын ажыратып, сауатты жазады;
— берілген тақырып бойынша түрлі дереккөздерді іріктеп, ақпарат табу жолын, жүйелейді;
— кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(МК,Т) Сызба бойынша шағын хабарлама жасау.
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін бірге белгілеу.
Қосымша мәлімет беру: Э — дауысты дыыбыс. Э дыбысы өзге тілден енген сөздердің көбінесе басында кездеседі. . Қазақ тілінде құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша адамның тегіне – ов, -ев, — ова, -ева жұрнақтары жалғанып жасалады. Мысалы, Әлжанов, Батырова, Есенбаев, Керімбаева.
3.3.6.1 (МК,Ө) Көркем жазу.
Бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап, байланыстырып көлбеу жазу дағдыларын жетілдіру.
Вв, авиабилет, авиация. ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық Астана әуежайы ашылды.
(МК, Ж, Т) 3.2.5.1 Түрлі дереккөз кестеден берілген тақырып бойынша ақпараталу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау. Қосымша №2.1; №2.2
І. Талдау жұмысы
Кестелерге назар аудару, анықтау
1. Бұл не? Қайда келдің?
2. Бұл кестелерден жолаушылар не туралы ақпарат ала алады?
3. Қай күнге арналған?
4. Күннің қай мезгілі?
5. Қанша рейс ұшып кеткен?
6. Қанша рейс келіп қонды?
7. Қай рейстердің келуі күтілуде?
8. Қай рейс кешігіп келеді?
Саралау: қабілеті жоғары оқушыларға қосымша «Тіркеу» кестесін ұсынуға болады.
3.2.5.1. (Ж,Қ) ІІ. Дұрыс тұжырымды белгіле.
Тұжырым + —
1. 1-бағанда авиакомпонаия атауы көрсетілген
2. Ұшақ қай қалаға ұшатынын 2-бағаннан анықтауға болады.
3. Алматыдан ұшатын YSY489 рейс кешігеді.
4. Әуежайға 5 рейс келуі күтілуде
5. DV725 рейсі Өскеменге уақтылы ұшып кетеді.
6. ТК352 рейсі Ыстамбул қаласынан келіп қонып, жолаушылар жүктерін алуда.
3.2.5.1. (Ж,Қ) ІІІ. Сөйлемді толықтырып жазу.
1. SZ215 рейсі … қаласынан ұшып келеді.
2. Астана қаласынан … рейс сағат … ұшып келуі күтілуде.
3. Қазір әуежайға … қалаларынан ұшақтар ұшып келді.
Сергіту сәті: көзге арналған тренажер.

3.2.5.1. (Т) ІҮ. Жасырын ақпаратты анықтау.
1. DY725 рейсіне отыру үшін әуежайға қай уақытта келу керек?
2. Бейжіңнен келген жолаушылар шамамен қай уақытта қалаға шығады?
3. Алматыдан ұшатын YSY489 рейс кешіктірілуіне байланысты ақпаратты қайдан нақтылауға болады?
4. Бұл кесте қай қаладағы әуежейдың кестесі?
Қосымша тапсырма:
— Арнайы қонақтарды (олимпиада жеңімпаздары) әуежайда күтіп алуды қалай ұйымдастыруға болады?
Бағалау дескрипторы:
— кестедегі ақпараттардың арналымын (нені білдіретінін) ажырату;
— кестеден қажетті ақпаратты табу;
— ақпаратты жүйелеп, жеткізе білу;
— жасырын ақпаратты іріктеп, қолдану – дағдыларын меңгеруін бағалау,
3.4.1.1 (Ө,Қ) Y. Фонетикалық ширату. Кестеден мәлімет табу.
1. Дауысты дыбыстан басталатын сөздер:
2. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер:
3. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер:
4. Ұнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер:
Саралау: Дыбыс түрлері сызбасы
3.4.1.1 (Ө) Кестедегі құрамында э, ф, в әріптері бар сөздерге дыбыстық-буындық талдау жасау,
Бағалау дескрипторы:
— құрамында э, ф, в дыбыстары бар сөздерді сауатты жазу;
— сөздердің дыбыстық-буындық құрамын ажырата алады;
— көркем жазу талаптарын сақтау…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!