Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? (6 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсету жазу (келісу-келіспеу эссесі)
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады;
эссе тақырыбынан ауытқымайды.
Сабақ барысы: «Қар кесегі» әдісі арқылы талқылау.
Мұғалім оқушыларға: «әлемнің жеті кереметінің қатарына кіру үшін қандай критерийлерді негізге алу керек деп ойлайсыз?»,- деген сұрақты қояды. Оқушылар осы сұрақты «қар кесегі» әдісі арқылы талқылайды.
• Оқушылар жеке ойланып, әлемнің жеті кереметінің қатарына кіру үшін басты үш критерийді анықтайды.
• Кейін жұпқа бірігіп, алты жауаптан тек ең маңызды үшеуін қалдырады.
• Жұптар төрт адамнан тұратын топ құрайды. Топта ақылдасып, дәл солай алтыдан үшеуін қалдырады.
Жазылым тапсырмасына дайындық.
Мұғалім оқушыларға мәтін ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі оймен келісетінін, не қарсы екенін «төрт сөйлем» тәсілі арқылы пікір білдіреді.
Бірінші сөйлем – «Менің ойымша…»
Екінші сөйлем – «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем – «Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
Төртінші сөйлем – «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…»
Мәтін.
Әлемнің жеті кереметі туралы көп естіп, біліп жүрміз. Бір өкініштісі, осы кереметтердің ішінде сақталғаны – Хеопс пирамидасы ғана, ал қалғандары біздің заманымызға дейін сақталмаған. Сондықтан да әлемнің жаңа жеті кереметін қабылдып, бүгінде осы жеті кереметті таңдана тамашалап келеміз. Бұл тізімге енген ғажайыптардың көбі де көненің көзі.
Әлемнің жеті кереметін уақыт өткен сайын неге жаңғыртып тұрмасқа? Әлем дамып, өркендеп келеді. Өркениет заманында адамзатты таңқалдыратын талай ғимараттар бой көтеруде, ХХІ ғасырдағы архитектураның дамығаны соншалық – адам баласының аспанға қол созуына мүмкіндік туып отыр. Осы жаңа ғажайып туындыларды жеті керемет қатарына қосу керек емес пе?!
Дескриптор:
Мәтіндегі ойға қатысты өз пікірін білдіреді;
себебін түсіндіреді;
пікірін дәлелдер, мысалдар арқылы жеткізеді;
белгілі бір қорытынды шығарады.
Оқушылар дескрипторға сай бір-біріне кері байланыс береді.
«Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек» деген пікірмен келісетіні немесе қарсы екендігінің себептерін «Карточкалар иерархиясы» тәсілі арқылы жазады.
«Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?» осы пікірге келісетің/келіспейтінің туралы ойланып көр.
Жұбыңмен талқыла.
Келісуіңнің не болмаса келіспеуіңнің кем дегенде бес себебін тауып жазып көр.
Осы себептерді маңыздылығына байланысты орналастырып көр.
Дескриптор:
Келісу/келіспеуінің тоғыз себебін тауып жазады;
Оларды маңыздылығына байланысты орналастырады.
Жазылым тапсырмасы.
Оқушылар мәтіндегі ойды, өздері ұсынған идеяларды негізге алып, «Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?» тақырыбында эссе жазады. Сөз саны- 150-180.
Дескриптор:
Тақырыптан ауытқымады;
абзацты жүйелі құрастырады;
келісу/келіспеу себебін дәлелдейді;
сауатты жазады;
дефис арқылы жазылатын сөздерді қолданып, орфографиялық нормаға сай жазады.
Мұғалім оқушылардың жазба жұмыстарымен танысып, әр оқушыға жазбаша, не болмаса ауызша кері байланыс береді…..
Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com