Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан ) | сабақ жоспары 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 7

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: 7- сабақ. Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.1.1 жоспарда сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:
• жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
• тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін анықтай алады;
Оқушылардың көбі:
• жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
• тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
Оқушылардың кейбірі:
• жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;
• мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
• сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады.
Сабақ барысы: Ширату
«Ұшты-Ұшты» ойыны
Бұл ойында ұйқас сөздер айтылады, соны оқушылар ажырату керек.
Ұшатын Ұшпайтын
Үй тапсырмасын сұрау
-Бүркітшілер неліктен томағаны қолданады?
-Томағаның материалы қандай?
Томағала сөзінің мағынасын дереккөздерді біліп келу
Қ.Б: «Жарайсың!», «Керемет!» сөздері арқылы мадақтау
(М.К Ұ.Ж) Жеке сөйлемдер мен мәтінді ажырату.
Негізгі ой. Бейнежазбаны көрсету. Бейнежазбадағы мәтіннің құрылымы туралы және мәтінге ат қою кезіңдегі ерекшелікке тоқталу.
-Мәтін неліктен бірнеше сөйлемнен тұрады?
-Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңын қалай ажыратуға болады?
-Мәтінге ат қою үшін неге мән беру қажет деп ойлайсың?
27-жаттығу (М.К Ж.Ж.) «Не? Қашан? Қайда?» әдісі бойынша мәтінді оқытып, не туралы екенін анықтау. Ат қойып және жоспар құру. Мазмұндама жазу.
-Мәтінде не туралы айтылған?
-Қызғыш құс қайда мекендеген?
-Оның қорегі не болған?
Жоспар:
1.Қызғыш құс
2.Қызғыш құстың ерекшелігі
3.Қызғыш құстың қорегі
Дескриптор;
-мәтінге ат қояды
-жоспар құрады
-сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады
-мазмұнын жүйелі жазады
Қатемен жұмыс: сөйлемдерді жетілдіру жолдарын үлгілеу. Өзара тексеру.
Қ.Б: «Қауырсын» арқылы бағалау
( М.К Т.Ж) Қызыл, ақ, көк гүлдер арқылы топтарға біріктіремін. «Стоп кадр» әдісі
1- топ «Қызыл»
29-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін тауып. Қимыл, ым-ишарамен көрсетіп беру.
Баласын тізіп соңына,
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім біледі ….?
2- топ «Ақ»
30-жаттығу Мәтінді оқып. Сахналап көрсетіп беру.
Бір үйрек балапандарымен бірге шұңқырдың жанында жүрген. Үйрек барқылдап, балапандар шыр-шыр етеді.
Әсел жүгіріп келіп шұңқырға қараса, ішінде бір балапан жатыр. Арқасымен құлапты, қалай бұлқынса да тұра алмады.
Әсел балапанды шұңқырдан алып шықты. Ол анасы мен балапандарға қарай жүгірді.
3-топ «Көк»
30-жаттығу Мәтіннің бөліктеріне ат қою. Сипаттау мәтіні екенін дәлелде.
Дескриптор;
— жұмбақтың жауабын шешді
— жұмбақты рольмен ойнайды
— мәтінді рольмен ойнайды
— мәтін бөліктеріне ат қояды
— сипаттау мәтін екенін дәлелдейді
Қ.Б: топтар бір-бірін басбармақ әдісі арқылы бағалайды ……


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!