Қазақ тілінен сабақ жоспары: 16-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 16-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 16-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: 16-сабақ. Сөйлеу мәдениетін үйренемін
Оқу мақсаты: 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
— мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
— мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
— диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
— мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды.
Оқушылардың көбі:
— мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
— жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
— мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды.
Оқушылардың кейбірі:
— мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;
— мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
— жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
— берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) «Жүгіртпе» жаттығуы
Мұғалім жүгіртпе сұрақтарды қояды, бірінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Дұрыс болмаса басқа оқушы түзетеді:
1. Таңертең оянғанда не дейсің? (Қайырлы таң)
2. Қоштасқанда не дейсің? (Сау болыңыз, көріскенше)
3. Мектеп дәлізінде байқамай басқа оқушыны қағып кетсең де дейсің? (Ғафу ет, кешір)
4. Ас ішкенде не айтасың? (Ас дәмді болсын)
5. Кезек соңын қалай сұрайсың? (Кезектің соңы кім?)
6. Ұйықтар алдында қандай тілек тілейсің? (Жайлы жатып, жақсы тұр).
7. Біреуді ренжітсең не дейсің? (Кешіріңіз)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Әңгімені жалғастыр
Көшеде екі таныс адам кездесіп қалды. Олар бір-бірінен хал жағдайларын сұрастырды. Бір-біріне «Жақсы» деп жауап берді. Әңгімені жалғастыруға болады ма? Егер біреуі «Жағдайым нашар» десе, онда қалай жалғастырар едің.
Әңгіменің үлгісі:
1-үлгі
— Ассалаумағалейкум, Серік?
— Уағалейкумусалам, Әсет.
— Серік, бала-шаға, мал-жан аман ба?
— Шүкір, Әсет. Өз қалың қалай?
— Рахмет, жақсы.
2-үлгі
— Сәлем, Ілияс!
— Сәлем Ғазиз!
— Қалың қалай?
— Жақсы, Ғазиз. Өз қалың ше?
— Қазақ тілінен екілік деген баға алып, жағдайым нашар болып тұр.
Оқулықпен жұмыс
60-тапсырманы орында.
Мысалды әрбір оқушы оқиды.
1.Қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастыр.
Ықтимал жауаптар:
Жер Тауға мұңын шақты. Жер Тауға жағдайын айтты.
Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы тартылды.
Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы азайып қалды.
2. Мысалды жалғастырып жаз.
3. Мысалға ат қой.
Ықтимал жауаптар:
Жердің мұңы. Жер жылады. Жердегі шық қайдан пайда болды?
4. Жанды табиғатты ата.
61-тапсырманы орында.
1. Мәтінге ат қой.
2. Әңгімедегі негізгі ойды анықта.
Бағалау критерийі
— мәтінге ат қояды;
— негізгі ойды анықтайды;
— сөздердің мағынасын біліп алмастыра алады;
— мәтіндегі ойды жалғастыра алады.
62-тапсырманы орында.
Сұхбат дегеніміз – бағытталған диалог немесе пікірталас, әңгімелесу. Ол ақпарат жинау үшін қолданылады.
Сұхбат алуда мынандай қағидаларға сүйену қажет:
1. Сұхбат алуға бармас бұрын не сұрайтыныңды жоспарлап ал.
2. Сұхбатты көз алдыңа елестет.
3. Міндетті түрде сәлемдесуді, қоштасуды ұмытпа.
4. Сұхбат алатын адамның атын жиі атаған жөн.
5. Сұхбат барысында дөрекілікке жол берме.
Сұхбат сұрақтарының үлгісі:
— Мәдениетті адам дегеніміз қандай адам?
— Мәдениетті адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Тапсырмалар:
1. Журналистің 3-сынып оқушыларынан әдептілік туралы алған сұхбатын оқы.
2. Қай жауап өзіне көбірек ұнағанын айтып, дәлелде.
3. Әдептілік туралы сұхбат құрастырып жаз.
Оқушылар жазған жұмыстарын топта жариялайды.
Бағалау критерийі
— тақырыпқа сәйкес ашық және жабық сұрақтарды құрастырады;
— сыпайы сөздерді қолдана алады;
— диалогке белсенді қатысады……


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com