Қазақ тілінен сабақ жоспары: №15 сабақ Өнерлінің қолы алтын Хат шақыру қағазын жазу (3 сынып, III тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №15 сабақ Өнерлінің қолы алтын Хат шақыру қағазын жазу (3 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №15 сабақ Өнерлінің қолы алтын Хат шақыру қағазын жазу (3 сынып, III тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Тақырыбы: №15 сабақ Өнерлінің қолы алтын. Хат, шақыру қағазын жазу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
— үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, шақыру қағазының мәтінін құрап жазады;
— мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
— жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
Оқушылардың көбі жасай алады:
— үлгі негізінде шақыру қағазының мәтінін құрап жазады;
— мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
— тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
— шақыру қағазының мәтінін өз бетінше құрай алады;
— мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
— сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
Сабақ барысы: Психологилық ахуал
«Өрмекші торы» әдісі
Оқушыларға психологиялық ахуал орнату мақсатында қолдану. Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өрмекші торын жасап, бір-біріне тілек айтады.
Миға шабуыл 3.1.2.1 (Ж.Ж) «Сәйкестендіру» әдісі
Жұптаса отырып, өнер түрлерін суерттермен сәйкестендіру. Суреттерге сәйкес келетін сөз тіркестерін реттеп қою.
Ағаш бұйымдары
Зергерлік бұйымдары
Тігін өнері
Әншілік өнер
Биші
Суретші
1-тапсырма 3.2.4.1
(Ұ ) «Үш жақты күнделік толтыру» әдісі
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Сабақтың тақырыбы айтылады, мақсат таныстырылады. Бейнежазбалар көрсетіледі ( шақыру билеті мен шақыру бейнежазбасы үлгісі)
2-қадам: Бейнежазбаны көріп, әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта талқылау
Бейнежазбадан ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру Шақыру қағазы не үшін жазылады?
Қалай жазылады? «Мұғалімге хат»-сұрақтар
Дескриптор:
-күнделікті толтырады
-жұпта талқылайды
Қ.Б: жұптар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды
Саралау: «Тапсырма»тәсілі. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді жасау.
2-тапсырма
3.3.4.1 (Т.М) «Жарнама» әдісі
Оқушыларды зергерлер, суретшілер, тігіншілер топтарына біріктіру
Әр топ өз өнерелерін таныстыру үшін көрме ұйымдастырады. «Өнерлінің қолы алтын» көрмесіне шақыру қағазын құрастыру. Құрастырған шақыру қағаздарын жарнамалау.
1-топ: Тойға шақыру қағазы
2-топ: Көрмеге шақыру қағазы
3-топ: Мерейтойға шақыру қағазы
Дескриптор:
-шақыру қағазын құрастырады
-жарнамалап таныстырады
Қ.Б: топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалайды
Саралау: «Қарқын» тәсілі.Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
3-тапсырма 3.3.4.1 (Ө.Ж.Қ) «Еркін жазу» әдісі
Досына немесе ата-әжесіне көрме туралы хат жазу. Хатында ұлттық қол өнер туралы және көрмеден алған әсерін баяндау. Хатын жұбымен бөлісіп оқу. Хатта қандай қолөнері туралы жазылғанын бағалау.
Дескриптор:
-хат жазады
-қолюнердің бір түрін таңдайды
-жұбымен бөліседі
Қ.Б: мадақтау арқылы
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
— Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек
қажет болады……


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com