Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім) » ZHARAR

0

Қазақ тілінен сабақ жоспары:  15-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары:  15-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім) на казахском языке

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 15-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау
4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
3.4.4.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
1. Лексикалық минимумды қайталау
2. Мәтін түрін ажырату
3. Сұрақтар бойынша мәтін құрау
4. Көркемдеп жазу
Оқушылардың барлығы: тарау бойынша лексикалық минимумды қайталайды, мәтін жанрын ажыратады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: сұрақтар бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі.
Сабақ барысы: Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Лексикалық минимумды қайталау.
• Мәтін жанрын ажырату.
• Сұрақтар бойынша мәтін құрау.
• Көркемдеп жазу.
(Ж, Ұ) «Үшіншісі артық» әдісі. Әр қатардан артық сөзді немесе суретті анықтап, себебін түсіндіреді.
Сөйлем үлгісі:1-қатарда … сөзі артық, өйткені ол …
1. Зергер, жазушы, қобыз
2. Билейді, домбыра тартады, жазады.
3. Домбыра, сырнай, түйе
4. Қайшы, ине, орман
5. Алтын, күміс, моншақ
(Ұ) Оқылым. Жазылым.
А) Оқушылар мәтінді оқып, мәтін жанрын ажыратады. Жаңа сөздерді белгілейді.
Әлібек әңгіме, ал Аня хабарландыру жазды. Берілген мәтіннің қайсысын Әлібек, қайсысын Аня жазды.
Балалар!
Достық үйінде би үйірмесі ашылды. Үйірме сейсенбі күндері сағат 10-нан 12-ге дейін жұмыс жасайды. Қатысамын деушілерді шақырамыз!
Мен Орталық музейге бардым. Музей өте үлкен. Онда көне заттардың барлығын көруге болады. Маған ұлттық аспаптар бөлімі ұнады. Онда сырнай, қобыз, домбыра, асатаяқ бар.
Мәтін не туралы?
Ә) Мәтіннен сұраулы есімдіктердің сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.
Кімге?
Неге? Кімді?
Нені? Қайда?
Неде?
Не істеді?
Не істеп жатыр?
Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.
Сергіту сәті.
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
(Ұ) Айтылым. Оқушылар төменде берілген сұрақтардың негізінде мәтін дайындайды. Оны «Ыстық орындықта» 5 сөйлем көлемінде айтып шығулары тиіс.
1. Алматыда қандай музей бар?
2. Орталық музейде қанша көне заттар бар?
3. Мұхтар Әуезовтың музейінде не бар?
4. Музей нешеде ашылады?
5. Кітап музейінде қандай кітаптар бар?
6. Мұхтар Әуезовтың музейі неше қабатты? …..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com